Жоба • 01 Қаңтар, 2024

Іске асатын ірі инвестициялық жобалар

155 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен Инвестициялар тарту жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті.

Іске асатын ірі инвестициялық жобалар

Бұл – Мемлекет басшы­сының «Ел экономикасы­на инвестициялар тарту жө­ніндегі жұмыстың тиім­ді­лігін арттыру жөніндегі ша­ралар туралы» Жарлығы қа­былданғаннан кейін Кеңес­тің жаңа форматта өт­кен бе­сінші отырысы.

Отырыс барысында ауыл шаруашылығы мен ден­саулық сақтау салала­ры­на инвестициялар тарту жө­ніндегі жұмысты жүйе­лен­діру мәселелері, сондай-ақ нақты инвестициялық жо­­ба­ларды іске асырудың проб­­лемалық мәселелері қаралды.

Отырыс қорытындысы бойынша Роман Скляр мем­лекеттік органдар мен ұйым­дарға инвесторлардың проблемалық мәселелерін қысқа мерзімде шешу жөнін­де бірқатар тапсырма берді.

Роман Скляр атап өт­кен­­дей, бұл үшін қажетті құрал­дар мен өкілеттіктердің барлығы бар.

Жалпы, 2023 жылы Кеңес­­тің 15 отырысы өтті. Жал­­пы­­ұлттық пул аясында ин­­ве­сти­ция­лық жо­баларды іске асыру мәселе­лері, елдің ин­­­­вес­­тициялық ахуалын жақ­сар­ту жө­нін­дегі ша­ра­лар қаралып, жүйелі пробле­ма­лық мәсе­­л­е­лерді шешу жолдары (инфрақұ­ры­­лым жүр­гізу, и­нвес­ти­циялық суб­­сидиялар, ши­кі­затты жет­­­кізу, шенеуніктердің нем­­­құрай­дылы­ғы, мүд­де­лер қақ­тығысы, әкімшілік кедер­гілер) әзірленді.

Жыл бойы шетелдік және отандық компа­­ния­лардың бірқатар нақты проблема­лық мәселесі шешілді.

Инвесторлардың пробле­малық мәсе­ле­лерін жедел шешу және жүйелік кедер­гілерді жою бойынша бел­сенді жұмыс жалғасатын болады.