Фото: Видеодан скрин
Қоңырау түскен орынға шұғыл жеткен патрульдік полиция өкілдері, қыздың өмірін аман алып қалды.
Хабарлама бойынша Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Ғапу Жанарыс, Арсен Муратов, Құрманғазы Мерей және Әкімшілік полиция бөлімі инспекторы Арманбек Ғабитов дереу оқиға орнына жеткен.
Қызды құтқару барсында Жанарыс Ғапу беліне арқан жіп байлап мұз үстімен жасөспірімге қарай беттеген. Ал әріптесі Мерей Құрманғазы оған көмектесу үшін жіп бойымен бірге жүреді. Өзге полицейлер жағада Жанарыс Ғапуды суға батып бара жатқан қыз баламен бірге тартып шығаруға дайын тұрды.
Полиция өкілдерінің қырағы қимылы арқылы тосын оқиғаға тап болған жасөспірім жағаға шығарылып, жедел-жәрдеммен ауруханаға жеткізілді.
Денесі қатты суықтаған жасөспірім мән-жайды жете түсіндіре алмады.
Жедел-тергеу тобы тергеп-тексері шараларын бастады.