Әлем • 02 Қаңтар, 2024

Жапонияда 24 адамның өмірін қиған жер сілкінісі болды

278 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жапонияда жер сілкініп, қаза тапқандар саны сағат сайын артып жатыр. Құтқарушылар жер сілкінісі өмірін жалмаған жандар қатары әлі де артуы мүмкін екенін ескертеді, деп жазады Egemen.kz. 

Жапонияда 24 адамның өмірін қиған жер сілкінісі болды

Киодо агенттігі Ното түбегіндегі жер сілкінісі салдарынан кем дегенде 24 адам қаза тапқанын мәлімдеді. 40 адам жарақат алған.

Еске салайық, 1 қаңтарда Жапонияның орталық аймағында магнитудасы 3,6-дан 7,6-ға дейінгі бірнеше жер сілкінісі болды. Күшті жер асты дүмпулері Осака мен Киотода, Токиода сезілді.

Жапония үкіметі цунами қаупі бар деп жариялады.