Аймақтар • 02 Қаңтар, 2024

Жаңа жыл кешінде жаппай төбелес шығарғандар қамауға алынды

552 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жаңа жыл кешінде Талдықорғандағы мейрамханалардың бірінде жаппай төбелес болды. Полицейлер төбелес шығарғандарға бұзақылық бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Тергеу барысы ерекше бақылауға алынды, деп жазады Egemen.kz.

Жаңа жыл кешінде жаппай төбелес шығарғандар қамауға алынды

Фото: Zakon.kz

«Оқиға орнына келген полицейлер қақтығысқа қатысушыларды қалалық әкімшілікке жеткізді. Оқиға ҚР ҚК 293-бабының 2-бөлігінде көзделген факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмысын бастап, Сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай тізілімінде ҚР Қылмыстық кодексі (адамдар тобында жасалған бұзақылық) деп тіркелді», делінген аймақтық ПД хабарламасында.

Мейрамхана әкімшілігі полицияға ресми мәлімдеме жасап хабарласты. Төбелеске қатысқан үш азамат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабына сай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Қылмыстық іс ерекше бақылауға алынды. Тергеу барысында іске қатысушы әр тұлғаның әрекетіне тиісті баға беріліп, қолданыстағы заңнамаға сай процессуалдық шешім қабылданады», деді облыстық полиция департаментінің басшысы Арман Саданов.