2 қаңтар күні сағат 13:20 шамасында «Алматы-Екатеринбург» тас жолының 1353-1425 шақырымында жол-көлік оқиғасы болды. 7 көлік соғысып қалды. Зардап шеккендер жоқ.
«Аталған автокөліктер Астанадан Қарағанды облысына қарай жолға шыққан. Ошағанды кентінің маңында жолдың көрінбеу салдарынан алда келе жатқан көліктер бір-бірімен соқтығысқан», деп хабарлады Қарағанды облысы Полиция департаменті Патрульдік полиция батальонының командирі Бекзат Сәулембаев.
Полиция департаменті көлік жүргізушілерін алыс жолға шықпауға шақырады.