Ауыл • 02 Қаңтар, 2024

Аспантау аясындағы қуаныш

192 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аспантау аясындағы Қақпақ ауылының тұрғындары өткен жылды қуанышты жаңалықпен қорытындылады.

Аспантау аясындағы қуаныш

Береке-бірлігі ұйысқан ажар­лы ауылда алыстан «мен-мұндалайтын» Мәдениет үйі­нің құрылысы аяқталып, тұр­ғындардың пайдалануына бе­рілуі салтанатты түрде аталып өтті. Шараға қатысқан Райым­бек ауданының әкімі Берік Дүйсенбаев ауыл жұртын қуа­ныштарымен құттықтап, 180 орындық ғимараттың ел игі­лігін көріп, жас ұрпақтың өнерін ұштап, мәдениетін қалып­тастыруға септігі тиюіне тілектестігін білдірді.

Көптен күткен мәдени ны­санның ашылуына ауылдың үлкен-кішісі түгел жиылып, ақ жаулықты аналар шашуын шашып, қариялар ақ батасын жаудырды. Сән-салтанаты жарасқан заманауи үлгідегі мәдениет ошағының сахнасында ауыл өнерпаздары әуезді ән шырқап, би биледі. Қақпақ ауылының қуанышын тасытқан шара барысында қолөнер бұйымдары мен ұлттық тағам түрлерінен көз қызықтыратын көрме ұйым­дастырылды.

Осы орайда еске салсақ, өт­кен жылы Райымбек ауданында жан жадыратарлық жағымды жаңалықтар аз болмаған. Соның бірі әрі бірегейі қа­сиет­ті Қарасаз ауылындағы Мә­де­ниет үйінің ал­­дына Еркін Ібі­тановтың мү­сіні қойылып, ақын бейнесі хал­қы­мен қайта қа­уышты.

Бұған қоса, Шалкөде, Текес және Жамбыл ауылдарында округ әкімдігі ғимаратының құры­лыстары аяқталып, пай­далануға берілуі де ауылдың көркін кіргізіп, еңсесін тіктеуіне оң әсер еткені сөзсіз.

 

Алматы облысы