Аймақтар • 02 Қаңтар, 2024

Оралдағы 360 олжалы отбасы

66 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орал қаласында «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша 360 пәтер иесін тапты. Жаңа жылды жаңа пәтерде қарсы алу бақыты бұйырған жандардың қуанышын Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев бөлісті.

Оралдағы 360 олжалы отбасы

«Осындай тұрғын үйлердің құры­лысы алдағы жылда да жалғасады. Был­тыр Үкімет қаулысымен 2023-2024 жылдарға арналған тұрғын үй-ком­муналдық инфрақұрылымды жетілдіру жөнінде тұжырымдама қабылданған болатын. Сол құжат аясында биыл біз Орал қаласында кезекте тұрған 25 отбасына пәтер сатып алып бердік. Облыс көлемінде осындай 180 пәтер алынды. Келер жылы 290 тұрғын үй мен пәтер алынады, оның 130-ы – Орал қаласынан болады. Мұның барлығы  – тұрғын үй кезе­гінде тұрған мұқтаж азаматтарға мем­лекеттің қолдауы», дейді Н.Төреғалиев.

«Бақытты отбасы» бағдарламасына І, ІІ топ мүгедектері, мүмкіндігі шек­теулі бала бағып отырған отбасылар, көпбалалы толық емес шаңырақтар және жетімдер санатындағы азаматтар қатыса алады. Бұл келер жылы да жалғасады. Несие жылына 2 пайыздық мөлшерлемемен 20 жылға дейінгі мер­зімге беріледі. Бастапқы жарна – пәтер құнының 10 пайызы ғана», дейді «От­басы банк» АҚ Батыс Қазақстан облыстық филиалының директоры Аида Ипатова.

Дәл қазір Орал қаласында көпқа­батты 14 үйдің құрылысы жүріп жатыр. Бұдан бөлек 2024 жылы «Қаладан – ауылға» бағдарламасы аясында ауыл­дық елді мекендерде де тұрғын үй құры­лысы басталады.

 

Батыс Қазақстан облысы