Ауа райы • 03 Қаңтар, 2024

Қазақстанда аяз қайта күшейеді

6826 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктер 4-6 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстанда аяз қайта күшейеді

Ауа райы болжамы бойынша Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Елімізде жауын-шашын, қар, боран, көктайғақ, екпінді жел күтіледі.

«Тек елдің оңтүстік-шығысында ауа райы жауын-шашынсыз болады, түнде республиканың солтүстік-батысында және солтүстігінде ауа температурасы 0-13 градустан 5-25 градус аязға дейін ауытқиды», делінген хабарламада.