Осылайша, Президент мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары бойынша күн тәртібін айқындап, бағдарын нақтылап берді.
Біз үшін Президенттің ішкі саясат және идеология саласына қатысты айтқан ой-пікірі мен белгілеген басымдықтары аса маңызды. Мемлекет басшысы бірқатар бастама мен жобаның жай-жапсарын жеткізіп, аңдатпа жасады:
- Ұлттық құрылтайдың кезекті отырысы өтеді;
- Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты жазаны қатаңдату қолға алынады;
- 2024 жылы өтетін айтулы іс-шаралар мен басқа да атаулы күндердің бет-бейнесін белгіледі.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың тақырыпқа шығарылған «Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керек!» деген сөзі – барлық идеяның өзегі. Жалпы алғанда, бұл сөз – Президент жүргізіп отырған идеологиялық бағыттың шағын формуласы. Бұл сөз қоғамды жасампаздыққа жетелейді: өткен күнмен өмір сүрмей, болашаққа нық қадам басуға үндеп, халықты бөлетін емес, біріктіретін жалпыұлттық құндылықтарды басшылыққа алуға шақырады.
Ерлан ҚАРИН,
Мемлекеттік кеңесші