Пікір • 03 Қаңтар, 2024

Алдымызда биік мақсат тұр

142 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында еліміздің дамуы мен бола­шағына бетбұрысын айқындап берді. Алдымызда биік мақ­саттар тұр. Бұл – ел мүддесін қамтамасыз ету және отандас­тарымыздың экономикалық әл-ауқатын арттыру.

Алдымызда биік мақсат тұр

Осы орайда айтылған негізгі үш бағытқа тоқталғым келіп отыр. Біріншіден, еліміздің өркендеуі­не жол ашатын бірқатар нақты міндетті шешу қажет. Сондай міндеттің бірі – ауқымды өнеркәсіп жобаларын жүзеге асыру. Бұл жобалар ірі бизнес өкілдерімен, институционалды инвесторлармен және сарапшылармен бірге пысықталып, нақты жұмыстар жасалынатын болады.

Тағы бір маңызды міндет – инвес­тицияларды тарту. Бұл міндетті орындауға жекешелен­діру және активтерді қайтару нау­қан­дары да септігін тигізеді. Қомақ­ты инвес­тиция болса, экономика қарқыны үдей түседі және жаңа мүмкіндіктер пайда болады.

Екінші, «Қазына қаражатына» деген көзқарасымызды өзгертіп, оны тиімді, жөнімен әрі үнемдеп жұм­сауға тиіспіз. Бұл ретте мем­ле­кет­тік сатып алу ісін және мем­лекет пен жеке сектордың серік­тестігін реттейтін жаңа заңдар елеулі рөл атқарады. Осы құжаттар мемлекеттік сатып алу ісінің ашық болуын да қамтамасыз етеді. Сондай-ақ экономиканы дамытуға қажетті қаражат қорын қалыптастыруға септігін тигізеді.

Үшіншіден, өңірлердің өзекті инфрақұрылымдық проблемаларын шешу және тұтас­тай алғанда елдің энергети­ка­лық қауіпсіздігін қам­та­масыз ету туралы сөз болды. Осы сала­­дағы түйткілдер бір күнде аяқас­­тынан пайда бола қалған жоқ. Оның бәрі жылдар бойы қор­да­лан­ған мәселелер екендігі бар­шаға мәлім. Өңірлердегі жылу ор­та­лықтары мен басқа да құрал-жаб­­дықтардың 80 пайызы әб­ден тозған. Өткен жылдарда ком­му­налдық шаруашылыққа салын­ған инвестиция бұл саланың қаже­­тін өтеуге жеткіліксіз болды. Бүкіл Қазақ­стандағы инже­нерлік инфра­құ­рылымды толық жаңғырту – өте ауқымды әрі күрделі міндет. Бұл мәселелер біртіндеп шешіліп жатыр.

Әлемдегі экономикалық ахуал біздің елге де салқынын тигізетіні сөзсіз. Алайда кез келген қиындық жаңа мүмкіндікке жол ашады. Экономиканың өсімін ынталандыру шаралары мен құрылымдық реформалар қатар жүруі керек. Нақтырақ айтсақ, кәсіпкерлік пен бәсекені дамыту, жекеменшікті қорғау, әділ сот төрелігі болуы өте маңызды. Сонда ғана көздеген мақсаттарымыздың бәріне қол жеткізіп, белгіленген мерзімде ұлттық экономика көлемін екі есе ұлғайта аламыз.

 

Сүйіндік АЛДАШЕВ,

Сенат депутаты