Қаржы • 04 Қаңтар, 2024

Елімізде зейнетақы мен жәрдемақыға бюджеттен қанша қаржы бөлінді?

156 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда 2024 жылы әлеуметтік-еңбек саласына бюджеттік шығыстар 16%-дан астам өсті, деп хабарлайды Egemen.kz

Елімізде зейнетақы мен жәрдемақыға бюджеттен қанша қаржы бөлінді?

Жалпы, 2024 жылы республикалық бюджеттің әлеуметтік-еңбек саласына шығыстары шамамен 5 триллион 456 миллиард теңге сомасында көзделген, бұл 2023 жылғы шығыстардан (шамамен 4,7 триллион теңге) 16,3 пайыз артық.

«Жоспарланған шығыстардың 98,2 пайызы немесе 5 триллион 355,5 миллиарды 2,4 миллион зейнеткерге зейнетақы және 2,2 миллионға жуық алушыға жәрдемақы төлеуге бағытталады», деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Ведомствоның мәліметінше, бүгінде республикалық бюджеттен әлеуметтік төлемдердің 41 түрі, соның ішінде базалық және ілескен зейнетақылар төленеді. 2023 жылы 4,4 млн адамға жәрдемақы мен зейнетақы төлеуге 4 трлн 689,3 млрд теңге бөлінді, оның ішінде 2,3 млн зейнеткерлер және 2,1 млн мемлекеттік жәрдемақы алушы бар.