Спорт • 04 Қаңтар, 2024

Париж Олимпиадасы: қанша жолдама бұйырады?

215 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Париж жазғы Олимпиадасының басталуына да алты айдан аса уақыт қалды. 26 шілдеде жалауы желбіреп, 11 тамызда түңлігі түсірілетін төртжылдық аламанға әлемнің 200-ден аса елінен 10 мыңнан астам спортшы қатысады.

Париж Олимпиадасы:  қанша жолдама бұйырады?

Фото: olympic.kz

32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығы үшін додаға қосылатын саңлақтардың арасында біздің де спортшылар бар. Әзірге еншімізге спорттың 8 түрі бойынша 17 лицензия бұйырды.

Париж Олимпиадасына дейін 90-ға тарта лицензия таратылатын турнир бар. 17 жолдама  садақ ату, велошоссе, оқ ату, қазіргі бессайыс, грек рим және еркін күрес, бокс,  спорттық гимнастикадан бұйырды.