Қоғам • 05 Қаңтар, 2024

Аман Төлеевтің сенімді өкілі Қазақстан халқына алғысын айтты

22201 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Ресейдің кенге бай  аймағы саналатын Кемер облысының губернаторы лауазымын 21 жыл атқарып, өз ықтиярымен қызметінен бас тартқан қайраткер Аман Төлеевтің сенімді өкілі қазақ  халқына алғысын айтты.

 

Аман Төлеевтің сенімді өкілі  Қазақстан халқына алғысын айтты

Фото: Ашық дереккөз

Аман Төлеев Ресей приезиденттігіне 3 мәрте кандидатурасын ұсынды. Көмірлі аймақ Кемер облысын 1997 жылдан бастап басқарған қайраткер 2018 жылы облыс орталығындағы сауда-саттық кешенінде бірнеше адамның өмірін жалмаған өрттен кейін мерзімінен бұрын қызметінен кетуге арызын жазды. Былтыр қараша айында 79 жасында ауыр науқастан қайтыс болды.    

Әлеуметтік желіде тараған бейне үндеуінде Аман Төлеевтің ұзақ жыл сенімді өкілі болған Зинаида Абдулова «Халықтық губернатор» атағын алған қайраткерді ақтық сапарға аттандыру рәсімі қалай болғанын баяндады.

«Құрметі Қазақстан халқы, қадірлі отандастар! Алланың разылығы үшін  мұсылман бауырларымыз келіп Аман Төлеевтің жерлеу рәсімін өткізіп, арулап көмді. Мұсылмандық жоралғымен жаназа намазы оқылып жерлеген соң Аманның өзі салған Кузбастағы мешітте құран бағышталды. Кузбастағы мұсылман қауымның ықыласымен Аманның анасының атына берілген болатын бұл құлшылық үйі. 

арасына

Аман  басшылық қызмет атқарғанда Кузбаста 20 мешіт салынды. 21-інші мешіт салынып жатыр. Аман оның құрылысын аяқтауға үлгермеді. Біз бұл мешіттің де ел игілігіне берілетініне сенеміз.

Тамырында қазақ дейтін қаны ойнап тұрған азамат бір сәтке де қарақан басының қамы үшін өмір сүрген жоқ, елге болса, халыққа пайдам тисе деп өтті өмірден. Мен 40 жылға жуық қанаттасып қасында болдым, мұндағы халықтың Аман Төлеевке деген құрметі ерекше, «бізде дәл мұндай губернатор болған да, басқарған да жоқ»  деп бағалауы мерейімізді өсіреді. Аман Татарстан астанасы Қазандағы Құл Шәріп мешітінің салынуына, Алматы  қаласындағы  Бекет ата мешітінің бой көтеруіне де себепкер болды. Қаншама көмек сұраушыларға қолдау көрсетті. Кімнен қандай шағым түссе де жауапсыз қалдырған жоқ, барлығына болысты.

Қазақстаннан келіп мұсылмандық салтпен жөнелтуге қолдау көрсеткен азаматтарға отбасы атынан зор алғысымызды айтамыз. Аман Төлеев қалай жерленді деген де әңгіме қоғамда абың-күбің аңыс тудырды. Қазақстаннан мұсылман бауырларымыз арнайы келіп, жаназа намазына қатысып, мешітте құран бағыштап, мұсылмандық салтпен  жерленгеніне куә болды», деді Кемер облысында мешіт құрылысын үйлестіру жөнінде сенімді өкіл қызметін атқарған Зинаида Абдулова. Ол осындай біртуар азаматты өмірге әкелген қазақ еліне алғысын жеткізіп, Аман Төлеевті жоқтап келушілерге қашанда қарашаңырақтың есігі ашық екенін айтты.