Спорт • 05 Қаңтар, 2024

IV қысқы жастар Олимпиадасы: Қазақстан 10 бағдарлама бойынша 42 спортшы апарады

234 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оңтүстік Кореяның Канвондо провинциясындағы Каннын қаласында өтетін IV қысқы жастар Олимпиадасына қатысатын Қазақстан спортшыларының есімдері qaz_olympics инстаграм парақшасында жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

IV қысқы жастар Олимпиадасы: Қазақстан 10 бағдарлама бойынша 42 спортшы апарады

Фото: qaz_olympics

Биатлон:
Алема Қарабаева
Ильяс Хасенов
Эвелина Мезенцева
Антон Редькин
Мария Воробьева
Кирилл Зотов

Тау шаңғы спорты:
Ростислав Хохлов
Александра Скороходова

Керлинг:
Мерей Тастемір
Ибрагим Тастемір

Конькимен жүгіру спорты:
Руслан Жанаділов
Михаил Матрюхин
Алина Шумекова
Кристина Шумекова

Шаңғы жарыстары:
Берік Боранбаев
Әубәкір Тотанов
Милана Мамедова
Виолетта Митропольская

Шаңғымен тұғырдан секіру:
Илья Мизерных
Илья Шильников
Софья Шишкина
Алена Свириденко

Фристайл-могул:
Юлия Феклистова
Денис Раструба

Шорт-трек:
Мейіржан Төлеген
Ерасыл Шыңғысхан
Анастасия Астраханцева
Полина Омельчук

Шайбалы хоккей 3х3:
Темірлан Айболұлы
Бексұлтан Мақыш
Арсений Кучковский
Әділхан Саттар
Никита Кулаков
Матвей Решетько
Расул Тұрсынов
Арман Төлен
Жахангер Тілеухан
Таир Бигаринов
Егор Кравченко
Роман Мичуров
Әнуар Ахметжанов

Шаңғы қоссайысы:
Арман Қуаныш

Азия құрлығы алғаш рет қабылдайтын жастар ойындарына Қазақстан 10 бағдарлама бойынша 42 спортшы апарады. Ал делегация сапында ресми өкілдер, бапкерлер, дәрігерлер, БАҚ өкілдерін қосқанда 80-нен астам адам болады.

Айта кетсек, дүбірлі дода қаңтар айының 19-ы мен ақпан айының 1-і күндері аралығында өтеді. Оған 79 елден жиналған 1900-ге жуық спортшы қатысады.