Қоғам • 05 Қаңтар, 2024

Былтыр елімізде қанша сәби дүние есігін ашты?

155 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Былтыр босандыру қызметінің мамандары 388 мың босануды сәтті өткізіп, 390 мың сәби дүниеге келді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Былтыр елімізде қанша сәби дүние есігін ашты?

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, өткен жылы 400 мыңға жуық әйел жүктілігі бойынша медицина қызметкерлерінің бақылауында болды. Бұл жағдайда дәрігерлер ауыр акушерлік және соматикалық асқынуларға байланысты өте ауыр жағдайдағы 1000-нан астам жүкті әйелді құтқарып қалды.

«Медициналық авиация желісі бойынша 200 ұшу орындалды, 21 әйелге жергілікті жерде операция жасалды, 190 әйел ауыр жағдайда облыстық, республикалық клиникаларға тасымалданды және құтқарылды. Тәуелсіз Қазақстан тарихында алғаш рет ана өлімі көрсеткішінің 32%-ға төмендеуіне қол жеткіздік», деп жазды ведомстводан.

Өткен жылы босандыру бойынша диагностика мен емдеудің 18 басым клиникалық хаттамасы бекітілді; босандыру қызметінің 2000-нан астам дәрігері және 3000 ОМҚ, 64 дәрігер Ыстамбұлда, 50 дәрігер Санкт-Петербургте оқытылды.

«Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау және «Аңсаған сәби» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2021 жылдан бастап 21 000 әйелге ЭКҰ өткізілді, нәтижесінде 8 000-нан астам әйел жүкті болып, 6 000-нан астам көптен күткен бала туды», делінген деректе.