Футбол • 05 Қаңтар, 2024

«Астана» сапынан 4 футболшы кетті

125 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордалық «Астана» сапында доп тепкен 4 футболшы командадан кетті, деп жазады Egemen.kz prosports.kz-ке сілтеме жасап.

«Астана» сапынан 4 футболшы кетті

Енді Жарко Томашевич, Аслан Дарабаев, Степан Лончар және Дембо Дарбо «Астана»  командасының ойыншылары емес.

Черногориядан келген қорғаушы Жарко Томашевич «Астана» қатарына 2019 жылы қосылған еді. Томашевич негізгі құрамда барлығы 78 матч өткізген. Осы ойындар барысында 7 гол соқты, 1 нәтижелі пас берді. Ол «Астана» құрамасының сапында Қазақстан чемпионатында бас жүлде алып, УЕФА Еуропа лигасы мен Конференция лигасының топтық кезеңіне өтті.

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Аслан Дарабаев «Астана» футбол клубына 2021 жылдың басында қосылған. Ол 2022 жылы ел чемпионы атануға үлес қосты, УЕФА Конференциялар лигасының топтық кезеңіне шығуға ат салысты. Осы уақыт аралығында Дарабаев команда сапында 50 ойын өткізді, 3 гол соғып, 7 нәтижелі пас берді.

Босниялық жартылай қорғаушы Степан Лончар 2023 жылдың шілдесінде «Астана» футбол клубының ойыншысы атанды. Ол командамен бірге Конференция лигасының топтық кезеңінде ойнады. «Астана» футбол клубының жейдесімен 18 кездесу өткізіп, 1 гол соғып, 1 нәтижелі пас берген.

Гамбиялық шабуылшы Дембо Дарбо да клубпен қоштасты. Ол өткен жылдың маусым айында елордалық клубқа қосылды. Барлығы 42 ойын өткізіп, 11 гол соғып, 2 нәтижелі пас берді.