Аймақтар • 06 Қаңтар, 2024

Қызылорда облысында үшем дүниеге келді

15841 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылордалық 28 жастағы Ақбота Әбсаттар үшем дүниеге алып келді. Оның 1-еуі ұл бала болса, 2-еуі қыз бала, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қызылорда облысында үшем дүниеге келді

фото: Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасы

Қызылорда облыстық перинаталдық орталығында 2023 жылдың 8 желтоқсан күні үшем дүниеге келді.

Нәрестерлер анасының жүктілігінің 33-ші аптасында өмір есігін ашты.

Қызылорда қаласында тұратын 28 жастағы Ақбота Әбсаттар мен 30 жастағы Нұрсұлтан Қазбек санитарлық-эпидемиологиялық бақылау саласында қызмет атқарады.

Олардың бұдан бөлек 2 жасар Жантөре атты ұлы бар.

Нәрестелердің дүниеге келгендегі салмағы — 1830, 1670, 1200 грамм болды. Нәрестелер бірнеше минут айырмашылықпен дүниеге келді.

Шақалақтар 1 айға жуық облыстық перинаталдық орталығы дәрігерлердің жіті бақылауында болып, тұрақты ем қабылдады.

Қазіргі таңда сәбилердің және анасының жағдайы жақсы. Нәрестелердің есімін ата-әжесі Әлинұр, Адина, Медина деп қойды.

Соңғы жаңалықтар

Керек дерек

Digital • Бүгін, 10:17

Сезімтал сенсор

Ғылым • Бүгін, 10:15

Мамандыққа адал әулет

Қоғам • Бүгін, 10:10

Мерекелік барокко кеші

Өнер • Бүгін, 09:55

Ғарышты әнімен тербеген

Өнер • Бүгін, 09:45