«Ақ жол» фракциясы аталған кәсіпорындардың заңды құқығын қорғау үшін бұл бұйрыққа наразылық білдіру талабымен Бас прокурорға жүгінеді деп келісті.
Одан кейін Индустриалды-инновациялық даму альянсының жетекшілерін қабылдады. Альянс төрағасы, «Дольче-фарм» фармацевтикалық компаниясының иесі Елена Ли, энергетика, жеңіл өнеркәсіп, көлік және логистика, стандарттау салалық комитеттерінің жетекшілері және басқалар экономикалық даму проблемалары туралы өз көзқарасын білдірді. Өндірісті верификациялау, контрафактілік өніммен күресу, ШОБ өнімінің экспортына жәрдемдесу, салық даулары (мәмілелерді жарамсыз деп тану), өндірісті жаңғыртуға мемлекеттік қолдау көрсету және т.б. мәселелер көтерілді. «Химфарм» компаниясының өкілі биыл 1 қаңтардан бастап этил (медициналық) спиртіне акциз салығы енгізілгенін сынға алып, бұл барлық фармацевтикалық өнімдер бағасының қымбаттауына әкелетінін атап өтті.
Кәсіпорындар да ірі жобаларға жергілікті қамту талаптарын белгілеу, сондай-ақ олардың отандық бизнестің қатысуымен жүзеге асырылуын бақылау мәселесін көтерді.
Сондай-ақ мүгедек-кәсіпкерлер қауымдастығы (Ернар Сәрсеев) мүгедек талапкерлерге бірінші сәтсіз оқу жылынан кейін келесі жылдары жоғары оқу орындары мен колледждерде оқуға грантқа түсу үшін ҰБТ-ны қайта тапсыру мүмкіндігін беру туралы ұсыныстарын айтты.
Сонымен қатар сабаққа қатыса алмайтын мүмкіндігі шектеулі жандарға қашықтан жұмыс істеуге мүмкіндік беретін IT саласы сияқты және т.б. мамандық бойынша сырттай оқытуға грант бөлу қажет.
Одан әрі депутат қауымдастық басшысы Ербол Омарханов бастаған жетекші микроқаржы ұйымдарының басшыларымен кездесті.
Кәсіпкерлер қарыз жүктемесін азайтуға қатысты заң жобасына өз ұсыныстарын жеткізді.
Атап айтқанда, кепілі бар несиелерді тұтынушылық несиелер санатынан алып тастауды ұсынып отыр. Ең алдымен, әңгіме автонесие туралы. Мәселен, автокөлік сатып алуға берілген несиелер барлық шағын несиелер көлемінің 42 пайызын құраса, соның ішінде мерзімі өткен несиелердің үлесі 1 пайыздан аз. Сонымен қатар қарыз алушының қажет болған жағдайда мұндай несиені өтеуіне еш кедергі жоқ, өйткені көлік өтімді кепіл. Одан бөлек, автокөлік түріндегі кепілді жоғалту мүмкін емес, өйткені мұндай сатып алу ұрлықтан, жазатайым оқиғалардан және т.б. міндетті сақтандыруға жатады.
Екінші жағынан, заң жобасында ұсынылған мұндай несиелеудің көлемі мен шарттарына шектеу автокөлік сатып алу көлемін 60 және одан да көп пайызға қысқартуы мүмкін. Автокөлік паркінің ескіруі, сондай-ақ қолжетімді автокөліктер нарығында отандық өндіріс үлгілерінің жетекші рөлі жағдайында мұндай зардап халық үшін де, кәсіпорындар үшін де жағымсыз болмақ.
Сондай-ақ сала өкілдері заң жобасындағы бұрын төленбеген несиесі болған жағдайда екінші шағын несие алуға тыйым салуға қарсы шықты.
Клиенттің қарызын 24 айға дейін коллекторларға өткізбеу, өсімпұлды жою және т.б. сияқты шектеулер. Микроқаржы ұйымдары өкілдерінің пікірінше, жұмыс істемейтін несиелер бойынша лимиттердің асып кетуіне әкеп соғып, бизнесті жоюға мәжбүр етеді.
Бизнес қарыз жүктемесінің азаюы заңды несиелеуді шектеумен ғана емес, сонымен қатар, несиелер құнының (пайыздың) азаюымен, оның ішінде микроқаржы ұйымдарының өздері үшін де, сондай-ақ елдің табыстылығын арттырып, жұмыспен қамтудың ұлғаюымен байланыстыру керек деп санайды.
Заң жобасы авторларының бірі, вице-спикер, «Ақ жол» фракциясының мүшесі Дания Еспаеваның қатысуымен таяу уақытта тақырыпты талқылауды жалғастыруға келісті.