Фото: zakon.kz
«Көрші елден бізге келіп нәпақа тапқысы келетін боксшылар да бар. Керісінше, біздің саңлақтарға да қызығушылар көп. Мысалы Мажарстан мемлекетінің бокс мамандары әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетовті сол елдің азаматы атандырып, додаға қосуға ыңғай танытты. Бекзат келісім берген жоқ. Сондай-ақ бокстан ұлттық құраманың бас бапкері, білікті маман Мырзағали Айтжановты Әзербайжан елі бірнеше боксшысын ертіп келіп жұмыс істеуге үгіттеді. Тіпті төлейтін жалақы сомасы өте қомақты болды. Оңтүстік Корея елінен де Айтжановқа «құда түсіп» қызметке шақырды. Мырзағали Құланұлына шетелден ұсыныс түскенде бас бапкерліктен босап, қаражаттан қысылып жүрген еді. Ол сонда материалдық жағдайын жасап береміз деген ұсыныстан бас тартып, елден жырақ кеткен жоқ», деді Ә.Қожамбетов.