Спорт • 08 Қаңтар, 2024

«Сәкен Бибосынов әлем чемпионы атанбауы мүмкін еді». Атқарушы директор себебін түсіндірді

386 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2022 жылы бокстан Сербияның Белград қаласында өткен әлем чемпионатында Сәкен Бибосынов 51 кг салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанды. Қазақстан бокс федерациясының  атқарушы  директоры Әзиз Қожамбетов даңқты боксшыға алтын медаль үшін финалдық жекпе-жекке қатыспау қаупі туғанын айтты.

«Сәкен Бибосынов әлем чемпионы атанбауы мүмкін еді». Атқарушы директор себебін түсіндірді

Фото: meta-ratings.kz

«Бірінші бол» ютуб арнасына берген сұхбатында Ә.Қожамбетов екі жыл бұрын өткен әлем чемпионатының финалдық жекпе-жегін еске түсірді.

«Ертең финалдық айқас өтеді деген күні жайсыз хабар келді. Сәкен Бибосыновтың коронавирусқа қарсы тапсырған сынамасы оң нәтие көрсеткен екен. Енді қайтпек керек? Бұл дегенің боксшыны финалдық жекпе-жекке қатыстырмау деген сөз. Алтын медаль үшін америкалық Рисоку Хиллге қарсы айқасуы тиіс Сәкеннің жолы кесілмек. Дереу әуежайға тартып, екінші мәрте сынама тапсырдық – таза шықты. Бұл Бибосыновқа психологиялық қысым болғаны да шындық. Бірақ Сәкен ертесіне финалдық жекпе-жекте қарсыласын айқын ұтып, елімізге алтын медальмен оралды. Әлем чемпионатын ұйымдастырушылардың неліктен алғашқы сынамасы оң нәтиже көрсетті деп бізді уайымға салғаны белгісіз», деді бокс федерациясының атқарушы директоры.