
Instagram-парақшасында клубтың баспасөз қызметі: «Біздің клуб үшін бүгін қаралы күн. Көпшілікті шедевр дүниелерімен таңғалдырған Бауыржан Елденбаев бақилық болды. Марқұмның ет-жақындарына, бауырларына, жұбайына қайғырып көңіл айтамыз. Соңғы демі қалғанша байланыста болған Бауырдың жұмысқа деген адалдығына бас иеміз. Бақұл бол, Бауыр», деп жазды.
Жанкүйерлер марқұмды футбол ойындарында стадионнан жиі көргенін айтады. Футбол матчтарының есте қаларлық сәттерін бейнежазба, фотоға түсірген оператордың оқыс қазасы ойыншыларға да ауыр тиіп отыр.