Фото: Ашық дереккөз
Аустралияның велоспорт Федерациясының (AusCycling) және Sport Inclusion Australia-ның бірігуімен бүкіл әлемнің мықты велосипедшілері жиналды. Para cycling чемпионаты World Cycling Series-ке кіреді, оған 62 параатлет қатысты. UCI Para-cycling класстары дене, көз, интеллектуалды бұзушылықтары бар, сондай-ақ есту бұзушылықтары бар спортшылар да бағын сынай алады.
Қазақстаннан аутистік спектр ерекшелігі бар «Интеллектуалдық бұзылуы бар адамдарға арналған спорт федерациясы» РҚБ-нің параатлеті Дастан Ордабай қатысты. Дастан ІІ-3 (зердесі зақымдалған) санат бойынша 18,8 км қашықтықтағы жеке жарыста уақытқа (Time trial) және 5,5 км қашықтықта критериумге (Criterium) қатысты.
«Дастан Ордабай өз еліне екі алтын жеңіп, тұңғыш азиялық аутист спортшы атанып, ел спортының мерейін асырды», деді «Интеллектуалдық бұзылуы бар адамдарға арналған спорт федерациясы» РҚБ-нің Президенті Дина Темірғалиева. Жарыс Аустралияның Virtus ұйымына мүше велоспорт федерациясымен (AusCycling) және Sport Inclusion Australia бірлесіп ұйымдастырылып, UCI бақылауымен өткізілді.