Спорт • 09 Қаңтар, 2024

Канвондо-2024: Додада бақ сынайтын елордалықтар анықталды

159 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

19 қаңтар – 1 ақпан аралығында Оңтүстік Кореяның Канвондо провинциясындағы Каннын қаласында IV қысқы жастар Олимпиадасы өтетіні мәлім. Оған Қазақстаннан 10 бағдарлама бойынша қатысатын 42 отандасымыздың арасынан елордалық спортшылар тізімі анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Канвондо-2024: Додада бақ сынайтын елордалықтар анықталды

Фото: gov.kz

Астана әкімдігінің ресми сайты мәлім еткендей, елордалық жас спортшылар кёрлинг, конькимен жүгіру, шаңғы жарысы спорттары бойынша дүбірлі додаға енеді.

Кёрлинг: Мерей Тастемір, Ибрагим Тастемір.

Шаңғы жарыстары: Берік Боранбаев.

Конькимен жүгіру спорты: Руслан Жанаділов.

Айта кетсек, Канвондо Олимпиадасына аттанатын спортшыларды іріктеу бойынша жарыстар 2023 жылдың басынан бері өткен, негізгісі ҚР-ның IV қысқы Жастар спорт ойындары саналады. 3 айға созылған аталған сайыста 11 бағдарлама бойынша үздіктер анықталған, атап айтқанда: биатлон, кёрлинг, конькимен жүгіру, шорт-трек, шаңғы жарыстары, мәнерлеп сырғанау, фристайл-могул, фристайл-акробатика, шайбалы хоккей, шаңғымен тұғырдан секіру.