Аймақтар • 09 Қаңтар, 2024

Қауіп сейілді

70 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Былтыр қаңтарда су шаруашылығы саласының мамандары «Шардара» су қоймасында апаттық жағдай орын алса, төменгі бөлігіндегі 34 мың халқы бар 22 елді мекенді су басу қаупі барын айтып, дабыл қаққан болатын. Кейіннен Шардара ауданының әкімі елді мекендерді су басып қалу қаупі жоқтығын мәлімдеді. Биыл тыныш. Облыс әкімдігі көктемгі су тасқынына қарсы дайындық жұмыстары тұрақты жүргізіліп жатқанын хабарлады. Жол картасына енгізілген тапсырмалар орындалған.

Қауіп сейілді

Бұл орайда тиісті қол­даулар көрсетілді. «Тұран-Су» мекемесі қажетті құрал жабдықтар мен техникалармен толық қамтамасыз етілді. Механикалық тазалау жұмыстарын өндірістік кестеге сәйкес аяқтау міндеттелген. Су шаруашылығы жүйелерін күтіп ұстау, елді мекендердің тыныс-тіршілігін ағын сумен қамтамасыз ету басты назарда. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды әкімдік ап­паратының апталық отырысында су тасқынының алдын алу мақсатында тиісті шаралар өз мерзімінде орындалып, облыс аумағындағы бөгеттерді нығайту, арықтар мен каналдар жүйелерін тазалау жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Гидротехникалық құ­рылыстардың жағдайы жан-жақты тексеруді, жауапты мекемелерге көрші мемлекет­тен келетін су мөлшерін ба­қылауда ұстап, дұрыс үйлес­тіруді жүктеді. Биыл су тас­қынына жол берілмеуі керек­тігін айтты. Ал Түркістан об­­лысы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Асқар Төлешев жоспарланған 20 іс-шараның 19-ы толығымен аяқ­талғанын жеткізді. Ал 1 іс-ша­ра яғни, «Қараспан» су тора­бындағы жұмыстардың 45 па­йызы аяқталған. «Тұран су» мекемесімен жоспардан тыс қосымша Келес, Ақсу өзені бо­йын­да 1,3 шақырым арна жа­ғалауы реттеліп, 748,8 қой тас­тары және 416 дана габион торларымен бекітілген. Сон­дай-ақ департамент бастығы атқарылған жұмыстардың нә­тижесінде Сарыағаш, Сайрам, Келес, Ордабасы аудандарының 20 елді мекенінде су тасқыны қаупі сейілгенін мәлім етті. Де­партаменттің аумақтық бө­лім­­шелерімен өткен жылдың қа­раша айында елді мекендердің дайындығы тексеріліп, 7 аудан, қаланың 40 елді мекеннің да­йы­н еместігі туралы хабар бе­рілген. Қазіргі таңда 29 елді мекенде кемшіліктер жойылды. Тасқынға қарсы 101 мың дана қап, 8 мың тонна жанар-жа­ғармай қоры мен 40 млн теңге көлеміндегі азық-түлікке меморандум жасалып, 296 бірлік инженерлік техника әзірленген. Сонымен қатар төтенше жағ­дайлар департаментінің 175 жеке құрамы мен 144 құралы, «Тұран су» мекемесінің 40 бірлік инженерлік техникасы дайын. Қиын жағдайдағы «Қапшағай», «Ырмақ-Өзен» «Майдантал» су қоймалары күрделі және ағымдағы жөндеуден өткізілген. Ал «Шардара» су қоймасы мен «Көксарай» су реттегішінде тасқын суды қабылдауға шамамен 4 млрд текше метр көлемінде бос қоры бар.

«Тұран-Су» ШЖҚ МКК басшысы Досхан Лесовтің айтуына қарағанда, 2023-2024 жылдардағы су тасқынына қар­сы әзірленген инженерлік жос­пар бойынша аудан, қала әкім­діктерінің сұранысы не­гі­зінде техникалар бөлініп, 6 аудан, қаладағы тасқын суды өткізетін 47,5 шақырым өзен арналары мен арықтар тазартылған. Аудандар мен Арыс қаласы әкімдіктерімен бірлескен іс-шара түзіліп, жос­парланған 679,7 шақырым ка­налдардың, бүгінгі таңда 659,9 шақырымына тазалау жұмыстары жүргізілген. Қаңтар айының 20-на дейін жоспар толық орындалады. Ма­мандардың мәлімдеуінше, атқарылған жұмыстардың нә­тижесінде шаруаларға ағын су­ды жеткізу мүмкіндігі артып, су шығындары азайып, елді мекен­дер және инфрақұрылымдық нысандарды су басу қаупі жо­йыл­ды. Мекеме басшысының мәліметінше, кәсіпорында тө­тенше жағдайға қарсы 130 тонна дизель отыны, 420 текше метр қой тасы, 3 300 дана қап, 200 дана габиондық тор, 20 тонна цемент, 48 дана плита бар. Облыс әкімінің қолдауымен кәсіпорынға облыстық бюджеттен 2 экскаватор, 3 бульдозер және 2 тұр­ғынжай вагоны алынған. Сондай-ақ бөліп төлеу негізінде «JCB» және «HITACHI» маркалы 39 экскаватормен қамтамасыз етіліп, 14 экскаватор 8 аудан, қала әкім­діктеріне кейіннен сатып алу тәртібімен жалға берілген.

 

Түркістан облысы