Пікір • 09 Қаңтар, 2024

Әркім өз таңдауын саналы жасағаны жөн

214 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Egemen Qazaqstan» газетінде «Қазақ газеттері» ЖШС бас директоры Дихан Қамзабекұлының ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен жасаған кең көлемді сұхбаты жарияланды. Сұхбатта бірнеше маңызды мәселе қозғалып, көптен бері жұрт көкейінде жүрген АЭС туралы сұраққа да жауап бере кетіпті.

Әркім өз таңдауын саналы жасағаны жөн

Мемлекет басшысы атап өт­кен­дей, таза атом энергиясы – Қазақстан болашағы үшін энер­ге­тикалық қауіпсіздіктің кепілі және ел экономикасының дамуы­на тікелей әсер ететін айрықша маңызды мәселе. Атом энергетикасын дамыту, Қазақстан атом саласы дамуының келесі сатысы деп қарастырған жөн. Қазірдің өзінде еліміз табиғи уран өндіру көлемі жағынан әлемде бірінші орында. 2021 жылдан бері «Үлбі-ТВС» ЖШС зауытында жаңа ядролық отын – «Framatome» француз компаниясының ди­зайнындағы жылу бөлетін құра­малардың шығарылуы іске асырылып жатыр. Сонымен қатар Ұлттық ядролық орта­лық пен Ядролық физика институтының көпжылдық ғылыми жұмыстарын да ескеру керек.

Атом энергетикасына қар­сылық біл­діріп жатқан адам­дардың бірталайы Семей сы­нақ полигонының салдарына жүгінеді. Бірақ АЭС пен атом қаруын салыстыруға мүлде бол­майды. Елімізде салуға қарастырылған реак­торлар – 3 және 3+ буынды, заманауи, референтті. Бұл реакторлар АЭС тарихында болған барлық кемшілік пен апаттық жағдайды ескере отырып жобаланған. Оған қоса терең эшелондалған қорғаныс жүйелеріне ие реакторлар. Ғы­лым­ның нақ дәлеліне қарасақ, 3+ буындағы реакторларда ауыр апаттың болу ықти­мал­дығы 10 млн жылда бір рет кездесуі мүмкін. Бүгінде көп сарапшы атом энергиясын «жасыл энергия­мен» теңестіруді жақтайды, бұл оның экологиялық қауіпсіздігінің дәлелі деп санауға болады.

Әрине, АЭС салу-салмау мәселесі жалпыхалықтық референдум арқылы шешілгені дұ­рыс. Бірақ әр азамат өзінің таңдауын саналы түрде, дәлелдер мен фактілерге сүйене отырып жасағаны абзал.

 

Ерболат Қоянбаев,

Ұлттық ядролық орталық Атом энергиясы институты директорының орынбасары