Кәсіпкер • 10 Қаңтар, 2024

Мақсат – кәсіпкерлікті дамыту

112 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Сенатының депутаттары Арман Өтеғұлов пен Ләззат Рысбекова Батыс Қазақстан облысындағы Казталов ауданында болды. Жергілікті тұрғындар кездесу барысында бірқатар өзекті мәселені көтерді.

Мақсат – кәсіпкерлікті дамыту

Атап айтқанда, Жалпақталға аудан мәртебесін қайтару, Қара­өзен өзені бойындағы елді мекен­дер­ді таза ауыз сумен қамтамасыз етудегі қиындықтар, Жалпақтал су қоймасын салу мәселелері, сон­дай-ақ кәсіпкерлік саласын да­мытуды тежейтін мәселелер айтылды.

«Батыс Қазақстан облысында 10 107 заңды тұлға тіркел­ген, оның ішінде 9 775 шағын кәсіп­орын бар. Мемлекет басшысы ашық және өзін-өзі қамтамасыз ететін нарықтық экономиканы қалыптастыру негізгі басымдық екенін атап өткен болатын. Елімізде нарықты бел­сенді игеріп жүрген табысты орта кәсіпорындар көп емес. Пар­ламент депутаттары стацио­нар­лық сауда орындарында сатылатын тауарлардың жалпы ассор­ти­ментінің 50 пайыз дең­ге­йінде отандық өндіру­ші­лердің буып-түю өнімінің міндетті үлесін белгілеу туралы талап енгізу тура­лы Үкіметке ұсыныс жіберді», деп атап өтті А.Өтеғұлов.

Сенаторлар Бөкей ордасы мемлекеттік табиғи қорығының қызметкерлерімен бірге қорықтың тиісті деңгейде жабдықталмай отырғанын талқылады. Атап айт­қанда, мекеме қызметкерлері се­на­торларға қорықтың қара­мағында техниканың жетіс­пей­тін­дігі туралы айтты.

Сенаторлар кездесу соңында айтылған бастамалар мен енгізіл­ген ұсыныстар заң шығару жұмы­сы барысында ескерілетінін атап өтті.