Видеоны фотограф өзінің Instagram парақшасында жариялады.
«Қыс ортасы. 9 қаңтарда Алматыда бәйшешек гүлдеді. Мен желтоқсанда гүлдердің бүр жарып жатқанын түсіргенмін, олар қаңтарда гүлдеді. Әдетте олар ақпан айында гүлдеуші еді», деп жазды фотограф.
Сондай-ақ ол Алматының таңғажайып қала екенін атап өтті.
«Гүлдер бізді қыс бойы қуантқалы отыр. Тау бөктерінде Алатау шафраны, ал қала маңындағы бақтарда галантустар пайда болды. Алматы − ғажайып қала», деп жазды Д.Доценко.