Аймақтар • 10 Қаңтар, 2024

New York Times Алматыны үздік туристік бағыт тізіміне қосты

121 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әйгілі The New York Times басылымы дәстүрлі түрде жаңа жылда көруге болатын әлемдегі 52 орынның тізімін жариялап отырады. Биыл басылым бұл мәртебелі тізімге Алматы қаласын да қосты. Алмалы шаһар тізімнің 25 орнын тізгіндеген, деп жазады Egemen.kz

New York Times Алматыны үздік туристік бағыт тізіміне қосты

Редакция жазғандай:

«Алматы екі миллион халқы бар Қазақстанның ең ірі қаласы бола тұра, бейбіт, бірақ белсенді шаҺар әсерін қалдырады. Алматының мәдени орталық ретіндегі мәртебесі оның гастрономиялық өмірінде айқын көрінеді. Ұн, су және етке негізделген «нео-номадтар» асханасы гипер-заманауи стильде ұсынылған; оны AUYL немесе TÖR ресторандарында көре аласыз. Lanzhou Noodle мейрамханасы қытай тағамдарын, ал Sensilyo Coffee немесе JumpinGoat кафелері - керемет кофе ұсынады. Көк базардағы жемістер мен жаңғақтарды тамашалаңыз, содан кейін жақында кеңестік дәуірі ғимаратында ашылған үлкен азық-түлік базарында PlatformA-ға барыңыз», делінген The New York Times басылымында.

Осыған байланысты Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев мұндай маңызды әлемдік тізімге Қазақстан қаласының енуі елдегі туризмнің түлеп келе жатқанын білдіретінін алға тартты.

«Қазақстан соңғы жылдары әлемдік БАҚ рейтингіне жиі ілігіп келеді және New York Times тізіміне ену туристердің біздің елімізге деген қызығушылығының артып келе жатқанын анық білдіреді», деді Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан ЭКСПО-2017 көрмесі қарсаңында осы тізімге енген болатын.

аа

аа

аа