Оқиға • 10 Қаңтар, 2024

Павлодар облысы әкімінің орынбасары жол апатына ұшырады

640 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлеуметтік желіде Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Батырғожиновтың Майқайыңнан Павлодарға бара жатқан жолда апатқа ұшырағаны туралы ақпарат пайда болды, деп хабарлайды Egemen.kz

Павлодар облысы әкімінің орынбасары жол апатына ұшырады

Фото: ашық дереккөз

Әкім орынбасарының қызметтік көлігі көктайғақтың кесірінен арыққа ұшып кеткен. kerek.pv хабарлағандай, жүргізуші зардап шекпеген, бірақ әкім орынбасарының сүйектері сынып, жақын маңдағы ауруханаға жатқызылған.

Павлодар облысының әкімдігі ақпаратты растады. Серік Батырғожиновтың жағдайы тұрақты деп бағаланды.