фото: rakhat_turlykhanov/https://www.instagram.com/
«Баршаңызға қайырлы күн! Әйелім екеуміз отбасымызға қатысты соңғы жаңалықтарға түсініктеме беруді шештік», деп бастады Рахат Тұрлыханов.
Жұбайы Алтынайдың айтуынша, оларда бәрі жақсы. Отбасында ұрыс-керіс, түсініспеушілік болғанымен, тату-тәтті өмір сүріп жатқандарын жеткізді.
«Бұқаралық ақпарат құралдары жағдайды білмей, Рахатты әділетсіз түрде жаман жағынан көрсетіп жатыр. Мен осыған қынжыламын. Рахат қамқор және мейірімді жар», деді ол.
Сондай-ақ олар үшін алаңдаған жандарға алғыс айтып, уайымдайтын еш жағдай жоқ екенін айтты.
Оқырмандардың көбі отбасына бақыт тіледі.
2024 жылдың 9 қаңтарында Алматы қаласының Әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты әншіге қатысты істі қарады. Тергеу материалдарынан белгілі болғандай, 2023 жылдың желтоқсанында Тұрлыханов үйінде жанжал шығарып, әйелін соққыға жыққан.
Сотта ол кінәсін мойындап, өкініп, тараптардың татуласуына дейін іс жүргізуді тоқтатуды сұрады. Әйелі фактіні растап, күйеуімен татуласқанын айтты.
Бұған дейін 2023 жылдың қазан айында Тұрлыхановқа әйелін ұрды деген айып тағылған еді, бірақ сот тараптардың татуласуына байланысты істі тоқтатқан.