Ауа райы • 11 Қаңтар, 2024

Тұман, көктайғақ, жел: Бүгін ауа райы қандай болады?

156 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктердің мәліметінше Қазақстан аумағы ылғалды атлантикалық циклонның ықпалында қалып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Тұман, көктайғақ, жел: Бүгін ауа райы қандай болады?

Фото: tengrinews.kz

Бүгін елімізде қар, бұрқасын, жауын-шашын жалғасады. Республиканың оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жауын-шашын болады, кей жерлерде қатты жауын-шашын жауады. Республикада тұман, көктайғақ, екпінді жел күтіледі.

Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, таулы аймақтарда күндіз екпіні секундына 30 метр және одан да жоғары өте күшті жел соғады.