Қоғам • 11 Қаңтар, 2024

Отандық стартап – қырғыз нарығында

117 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

«EasyTap» – бөлшек сауда саласындағы сағаттап жұмыс істейтін жұмысшыларды табатын онлайн-сервис. Ел ішіндегі ерекше жоба Қырғызстанда да іске қосылып, 1 мыңнан астам үміткер тіркелген.

Отандық стартап – қырғыз нарығында

Отандастарымыз ойлап тап­­қан қызмет кәсіпорын­дар­ға тез арада білікті қызмет­кер табуға көмектеседі. Осы­лай­ша, жұмысшылар тапшы­лы­ғы мәселесін шешеді. Ал қыз­­­меткерлер икемді кес­те және апта сайынғы жа­ла­қы тө­лемдері бар толық емес жұмыс күніне ие бо­ла­ды. Екі жыл ішінде «ЕasyTap» бизнес-моделі өзі­нің тиімділігін дәлелдеді. Қа­­зақ­станның 15 қаласында күн сайын қосымшаны 150 мыңнан астам адам пайдаланады. Платформаға 70-тен астам жаһандық және отан­дық компания қосылған. Олардың ішінде «Small», «Flip.kz», «Magnum Go», «Arbuz», «KFC», «Hardees», «Food Solutions», «Inditex», «Waikiki», «Kari», «Adidas», «Reebok», «Qazaq Republic» дүкендері және тағы басқа­ла­ры бар.

– Алдағы екі жылға арнал­ған стартап стратегиясында Орталық Азияға шығу бар. Қа­зақстанда, Қырғызстан­да сер­висті дамытып, өзбек және тәжік нарығында жақ­­­сы жетістікке жеткіміз келеді. Осы нарықтардың барлығына біз ізашар боламыз. Нарық­ты сағаттық қызметкерлерді жал­даудың жаңа тәсіліне үйрет­кіміз келеді. Бізде көптеген се­ріктес бар. Қосымшада жұмыс іздеген адам үшін таңдау көп. Көбіне адамдар ерекшелікке емес, тұрақтылыққа назар ауда­рып, сенімді жұмыс беру­шіге барғанды қалайды, – деді сер­вистің негізін қалаушы Мағзұм Төлеш.

«Financial Times» зерт­теуіне сәйкес 2050 жылға қа­­рай ең­бекке қабілетті халық­тың ­83 пайызы гиг-экономика са­ла­сында жұмыс істейтін бо­лады. Яғни штатта емес, бел­гі­ленген мерзімде қойылған міндеттерді шешу қажет нақ­ты жобаларда жұмыс істейді. Осы болжамды ескере отырып, «EasyTap» қазір модель­ді бөлшек сауда мен қонақүй және тамақтану секторын­­да ілгерілетуге ұмтылып жатыр. Қырғызстан нарығына шығу отандық стартаптың бизнесті жаһандық масштабтау жөніндегі стратегияны іс­ке асырудағы алғашқы қа­дамы болды.

Олар нарықты зерттеп, көп­теген мәселенің бетін аш­қан. Дүкендер мен кафе, мей­рамханалар күнделікті жұ­мысшы іздеп, сұрау салады. Ол адам қайдан келсе де, оларға бәрібір. Бастысы күн­делікті жұмысын тиісті ат­қарса болды. Ал бұл платформада «Digital ID» қосылған. Ол – жеке құжатты анықтау­ға арналған жүйе. Жұмыс ізде­ген адам жеке мағлұматта­рын пай­­далануға рұқсат бе­ріп, жауап­кершілік жөнінде келі­сімшартқа қол қояды.

Қосымшаның берері мол. Аптасына 3 рет жұмыс­қа шығып, 7-8 сағат жұмыс іс­тесе, орта есеппен айына 90 мың теңгеден астам қар­­жы табуға болады. Ара­сын­да толыққанды жұмыс істей­тіндер де бар. Олар аптасына 200 мың теңгеге дейін та­бады. Ақша мен уақыттан қысы­лып жүрген жандарға бұл – таптырмас мүмкіндік.

– Біз барлығын сапалы жа­сап, тәртіппен жүргенді құп көреміз. Біздің ұстанымы­мыз – талап. Әдетте талапты жұ­мыс беруші қояды. Соған сай біз адамды таңдауға кө­мек­тесеміз. Бізде түрлі базамен келісім жасалған. Соның нәтижесінде адамның қандай қарызы болғанын, несие қа­рызы бар-жоғын анықтай ала­мыз. Оған қоса компаниялар жаңа келген қызметкердің қабі­летін екі сағат бойы тек­серіп көре алады. Со­сын үне­мі екі жақтан кері байланыс алып отырамыз. Стартап бол­ған соң өзгерістер мен то­лық­тыруларды жиі жасаймыз, – дейді Мағзұм.