Әлем • 12 Қаңтар, 2024

Әлемде тағы бір әскери операция басталды

467 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

АҚШ пен Ұлыбритания Йеменнің солтүстігінде билік жүргізетін хуситтерге қарсы әскери операция бастады. Қос ел басқарушысы бұл әрекеттерін коммерциялық маңызды нысанды қорғау мақсатында жүргізіліп жатыр деп түсіндірді, деп жазады Egemen.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.

Әлемде тағы бір әскери операция басталды

Фото: РИА Новости

Порталдың мәліметінше, америка-британиялық әскери операция Йемендегі Ходейдо портына бағытталған.

Одақтастар бұдан бөлек елдің әр аймағындағы 23 нысанға бомба арқылы әуеден шабуыл жасаған.

Оның төртеуі ел астанасы Сананың әуе-базасында;

Ходейда әуежайына 8 шабуыл;

Саад қаласындағы әскери базаға 3 шабуыл;

Сегіз шабуыл Таиз қаласының Әл-Жанд ауданында;

22-ші бомбылау механикаландырылған бригада лагеріне;

Әл-Хаубан ауданындағы әуежайға әуеден соққы берген.

Ресми Вашингтон мен Лондон хусит нысандарын атқылауға қатысты ақпаратты растады.

Олар бұл соққылар 9 қаңтарда елдің коммерциялық кемелеріне жасалған шабуылға жауап деп үн қатты.

«Дұшпандарымыз біздің ең маңызды коммерциялық маршруттарымыздың бірінде қозғалысқа қауіп төндірді. Бұл соққылар Америка Құрама Штаттары мен одақтастары біздің қызметкерлерге жасалған шабуылдарға жол бермейтінінен хабар береді. Сондай-ақ олар Қызыл теңіздегі халықаралық теңіз кемелеріне бұрын-соңды болмаған шабуылдар жасады, соның ішінде тарихта алғаш рет кеме баллистикалық зымырандарын пайдаланғанына тікелей жауап», деді АҚШ Президенті Джо Байден.

Ұлыбритания Премьер-министрі Риши Сунак та осы мазмұнда пікір білдірген. 

«Америка Құрама Штаттары, Нидерланды, Канада және Бахрейннің қолдауымен біз хуситтердің әскери күшін әлсірету және жаһандық кеме қатынасын қорғау үшін шектеулі, қажетті шаралар қабылдадық», деді Риши Сунак.

Ал «Ансар Алла» қозғалысының (хуситтер) өкілдері ХАМАС-қа қолдау көрсету үшін аймақтағы теңіз маршруттарына шабуыл жасаған. Хуситтер Израильмен байланысты немесе Израиль порттарына бет алған кемелерге жасалатын шабуылды доғармауға бекініп отыр.