Экономика • 12 Қаңтар, 2024

Көлік салығын төлеу мерзімі жақындады. Салықты төлеу жолдары қандай?

641 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті автокөлік жүргізушілері 2023 жыл үшін көлік салығын 1 сәуірге дейін төлеу керек екенін ескертті, деп жазады Egemen.kz.

Көлік салығын төлеу мерзімі жақындады. Салықты төлеу жолдары қандай?

Фото: almatydc.kz

«Жеке тұлғалардың 2023 жыл үшін көлік салығын төлеу мерзімі 2024 жылғы 1 сәуірде аяқталады. Салықты есептеу кезінде 2023 жылы қолданыста болған 3 450 теңге мөлшеріндегі айлық есептік көрсеткіш қолданылады», делінген комитет хабарламасында.

Көлік иелері төлеу тиіс салық мөлшерін kgd.gov.kz порталы мен «e-Salyq Azamat мобильді қосымшасындағы салық калькуляторын қолданып дербес есептей алады.

Жүргізуші төлеу тиіс нақты салық соммасы екінші деңгейлі банк қосымшасына PUSH-хабарлама түрінде жіберіледі.

Жеке тұлғалардың көлік салығын банктердің мобильді қосымшаларында төлеуге болады.
Сонымен қатар жеке тұлғалар салықты екінші деңгейлі банк бөлімшелерінде немесе төлем терминалдарында қолма-қол ақша, банкоматтар мен төлем терминалдарында банк карталары арқылы төлей алады.
Соңғы жаңалықтар

Ағайынды алғырлар

Қоғам • Бүгін, 08:55

Абылай заманынан қалған көрік

Жәдігер • Бүгін, 08:50

Күй күмбірлеген кеш

Өнер • Бүгін, 08:45

Зиялылық заңғары

Тарих • Бүгін, 08:15

Еламанның есті жырлары

Руханият • Бүгін, 08:02