Аймақтар • 12 Қаңтар, 2024

Шымкентте Дінмұхамед Қонаев атындағы мектеп ашылды

308 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкентте Дінмұхамед Қонаевтың туған күніне орай жаңа заманауи мектеп ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шымкентте Дінмұхамед Қонаев атындағы мектеп ашылды

Фото: Шымкент қаласының әкімдігі

Заманауи және типтік үлгідегі білім ордасы 3500 орынға лайықталған.

Кәсіпкердің есебінен салынған жаңа мектепте балалар бір ауысымда білім алады. Бос уақытта пәндік, спорттық және өнер үйірмелеріне қатысуға барлық жағдай жасалған. Білім шаңырағында спортзал, 30 интерактивті тақта, робототехника, биология, химия, физика лаборатория кабинеттері, сондай-ақ 500 орынға арналған асхана, кітапхана, гимнастика, акт залдары, ашық және жабық футбол алаңдары бар.

мектепАталған білім ошағында 1-6 сынып оқушылары тегін тамақпен қамтылады. Құрылтайшы тарапынан әр тоқсан сайын тест тапсырған үздік оқушыларға стипендия беріледі.