Спорт • 13 Қаңтар, 2024

Қыздарға күміс медаль бұйырды

716 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл күндері Индонезияның  Жакарта қаласында   нысана көздеуден Азия чемпионаты өтіп жатыр. 18 қаңтарда түңлігі түсірілетін құрлық аламанында  Париж жазғы Олимпиадасының лицензиясы беріледі, деп хабарлайды Egemen.kz Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қыздарға күміс медаль бұйырды

Фото: Turizm_jane_sport_ministrligi

«Елімізідң әйелдер құрамасы  винтовкамен 50 метір қашықтықтан 3 позицияда көзеп атуда  күміс медаль олжалады.  Александра Ле, Елизавета Безрукова мен Арина Алтухова бақ сынады. Олардың нəтижесі 1754 ұпай. Үндістан құрамасы (1760 балл) топ жарса, үздік үштікті Оңтүстік Корея түйіндеді. Осы бағдарламада біздің  мергендер арасында ең көп ұпай жинаған (589 ұпай) Александра 7-орынға тұрақтап, ұлттық құрамаға Париж ойындарының жолдамасын сыйлады. Сондай-ақ Никита Чирюкин жылдам оқ ататын тапаншамен 25 метрден нысана көздеуде Олимпиада лицензиясына ие болған», деп жазылған ақпаратта.

Қазір ұлттық құрама еншісінде 5 жолдама бар. Оларды Ислам Сатпаев, Арина Алтухова, Константин Малиновский, Александра Ле мен Никита Чирюкин иеленді.