Заң • 15 Қаңтар, 2024

Самат Әбіштің ісі сотқа жолданды

447 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бас прокуратура бұрынғы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары Самат Әбішке қатысты қозғалған қылмыстық істі тергеу аяқталғанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Самат Әбіштің ісі сотқа жолданды

Фото: Halyq Uni

Құзырлы орган Самат Әбішке қатысты іс сотқа жолданғанын жариялады.

«Самат Әбішке қатысты қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда іс сотқа жіберілді. Істің эпизодтарын нақты айта алмаймыз», делінген Бас прокуратура хабарламасында.

Айта кетейік, бұрынғы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары Самат Әбішке қатысты тергеу ісі қаңтар оқиғасы кезінде қызметін асыра пайдаланғаны үшін тағайындалған болатын.