Спорт • 15 Қаңтар, 2024

«Көк ту желбірей берсін». Шавкат Рахмонов пен Жәнібек Әлімханұлы кездесті

985 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

UFC шебері Шавкат Рахмонов (18-0) пен WBO, IBF тұжырымдары бойынша бокстан әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (15-0 ) кездесті, деп жазады Egemen.kz.

«Көк ту желбірей берсін». Шавкат Рахмонов пен Жәнібек Әлімханұлы кездесті

Фото: janibek_alimkhanuly

Әлемдік аренада ел намысын қорғап жүрген екі спортшымыз Алматыда кездесті.

Олар 2023 жылы өткізген жауапты жекпе-жектерінен кейін қалыпқа келу үшін демалысын елде өткізіп жатыр.

Осы кезеңде қос спортшы жолығып, Жәнібек Әлімханұлы желіге бірге түскен суреттерін жүктеп, «Көк ту желбірей берсін! Шавкат бауырыма тек сәттілік тілеймін», деп жазба қалдырды.