Қоғам • 15 Қаңтар, 2024

Ілияс Жансүгірұлының қызы өмірден озды

376 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ілияс Жансүгірұлының қызы Ильфа Жансүгірова қайтыс болды. Бұл туралы зерттеуші, жазушы Елдос Тоқтарбай Facebook желісінде жазба жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ілияс Жансүгірұлының қызы өмірден озды

Фото: Facebook.com

«Жыр Құлагері Ілияс Жансүгірұлы мен аңыз ана Фатима Ғабитованың қызы, қос асылдың сынығы болған қайсар Ильфа анамыздың да уақыты болған екен. Ұлы жүрек тоқтапты. Ілиястың көзіндей еді. Әкесінен аумайтын. Әкесінің суретіне қарап отырушы еді! Інісі Мұрат Мұхтарұлы Әуез ағама, қыздары Ажар, Жанар, Дина, Фатима әпкелеріме қайғырып көңіл айтамын», деп жазды Елдос Тоқтарбай.