Фото: Turizm jane sport ministrligi
Туризм және спорт вице-министрі Серік Жараспаев көшпенділер ойындарына дайындық жұмыстары мен ақпараттық-насихат шараларының қызу жүріп жатқанын хабардар етті. Аталған ірі шараның маңызын ескере отырып, ашылу және жабылу салтанаты мен сайыс барысын әлемнің жетекші телеарналары арқылы тарату мәселесі де ортаға салынды.
Біләл Ердоған әріптестік қатынастың артқанын айта келе, көшпенділер ойындарын ұйымдастыру Қазақстанның этноспорт қозғалысын әлемдік деңгейде насихаттаудағы ұтқыр жобаларының бірі екендігіне айрықша мән берді.
Жиында Қазақстан делегациясының ақпанның 16-18 күндері аралығында өтетін Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының Конгресіне қатысатыны да нақтыланды. Кездесуге Қазақстанның Бас консулдығының өкілдері де қатысты. 2024 жылдың 8-14 қыркүйек аралығында Астанада өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына 100-ден астам мемлекеттен 4000-ға жуық спортшы қатысатыны күтіліп отыр.