Үкімет • 16 Қаңтар, 2024

Ірі жобаларды іске асыру ақсап тұр – Премьер-министр

113 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кезекті отырысында электр энергетикасы саласын одан әрі дамыту мәселелері қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Ірі жобаларды іске асыру ақсап тұр – Премьер-министр

Фото: KZgovernment

«Мемлекет басшысы өз Жолдауында кемінде 14 ГВт көлемінде қосымша қуат көздерін іске қосуды тапсырды. Жалпы ішкі өнімді 2 есеге дейін өсіру үшін бізге осындай көлемде энергия қуаты қажет. Ол үшін энергетика саласы тез дамуы тиіс», деді Ә.Смайылов.

Үкімет басшысының айтуынша, 2030 жылға қарай жаңартылатын энергия көздерінің 15% үлесіне қол жеткізу мақсатында Total Energies, Acwa Power және Masdar сияқты стратегиялық инвесторлармен ірі жобалар іске асырылатын болады.

«Жалпы 2035 жылға дейін Қазақстанның бірыңғай электр энергетикалық жүйесіне шамамен 26 ГВт базалық және маневрлік генерацияны іске қосу жоспарланып отыр. Қабылданып жатқан шаралар электр энергиясының тапшылығын жоюға және 2030 жылға қарай оның резервін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді»,  деді Үкімет жетекшісі.

Елімізде жалаулатып басталатын  ірі жобаларды іске асыру тым созылып кететіні де жасырын емес. Мысалы Екібастұз ГРЭС-2-нің 3-ші энергия блогының құрылысын бастау  әлі де  созбалаңға салынып келеді. Премьер-министр бір айдың ішінде құрылысты бастау қажеттігін тапсырды.