Туризм • 16 Қаңтар, 2024

Шымбұлақ әлемдегі ең үздік шаңғы курорттарының қатарына кірді

364 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлемге әйгілі «Conde Nast Italia» журналы Қазақстандағы «Шымбұлақты» тау курортын әлемдегі ең үздік 5 шаңғы трассаларының қатарына қосты. Редакцияның жазуынша, қысқы спорт әуесқойлары міндетті түрде Шымбұлаққа баруы керек, деп жазады Egemen.kz

Шымбұлақ әлемдегі ең үздік шаңғы курорттарының қатарына кірді

Фото: tour-almaty.kz

Итальяндық журнал Шымбұлақты қысқы спорт әуесқойлары баруға міндетті 5 курорттың тізіміне қосты. Сонымен қатар журнал қызметкерлері Шымбұлақтың атмосферасы мен заманауи жайлылығын ерекше атап өтті.

Қазақстандағы курортпен қатар үздік бестікке Исландиядағы Тролль түбегі, Аляскадағы Денали тауы, Грузиядағы Казбеги және Жапониядағы Зао тау шаңғысы курорты енді.

Бұған дейін Алматы Нью-Йорк Таймс нұсқасы бойынша 2024 жылы баруға тұрарлық 52 жердің рейтингіне енсе, Қазақстан да Wanderlust журналының үздік 24-іне кірген еді.