Қоғам • 17 Қаңтар, 2024

«Балаң шетінеп кетті деп» денесін перзентханадан бермеген». Нұрилә есімді тағы бір әйел ДНҚ тапсырды

10475 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2004 жылы Арқалықтан бельгиялық отбасы асырап алған қазақ баласы Жәнібектің тағы бір болжамды анасы табылды. Бұл туралы журналист Қымбат Досжан хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

«Балаң шетінеп кетті деп» денесін перзентханадан бермеген». Нұрилә есімді тағы бір әйел ДНҚ тапсырды

«Бармысың, бауырым» хабарының редакциясы Жәнібектің ісін зерттеу барысында 2000 - 2004 жылдар аралығында Арқалықтан 80 бүлдіршін шет ел асқанын анықтады. Бұл қатарда Жәнібек есімі берілген Эдди Жан да бар.

Бұған дейін бірнеше болжалды ана мен бір Бауыржан есімді азамат оның ата-анасы болуым мүмкін деп ДНҚ сараптамасын тапсырған болатын. Өкінішке қарай, Жәнібекпен бірге көптің көп күткен үміті ақталмай келеді.

Ал бүгін Нұрилә есімді болжалды ана анализ тапсырды.

«Балаң шетінеп кетті деп» денесін де перзентханадан бермеген туған баланы түсік деп тіркеген. Тағы бір ана бүгін анализ тапсырды», деп жазды Қымбат Досжан желідегі парақшасына.

Жәнібекті жақынымен қауыштыруды көздеп жүрген журналистер істің бара-бара тереңдеп жатқанын тілге тиек етіп, тіпті, қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.