Кино • 17 Қаңтар, 2024

"Адамдардың санасы уланған". Ермек Тұрсынов Дариға Бадықованың фильмін сынға алды

3514 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Белгілі режиссер Ермек Тұрсынов Дариға Бадықованың "Таптым-ау сені" фильміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

"Адамдардың санасы уланған". Ермек Тұрсынов Дариға Бадықованың фильмін сынға алды

"Мүмкін емес" Youtube-арнасына сұхбат берген ол салада қазіргі ахуалдың қиын екенін мәлімдеген.

- Кинода не болып жатыр? Мен мұны бұрын да айтқан едім. Бұл - толық деградация. Менің ойымша, бұл диверсия. Дәл қазір біздің көз алдымызда диверсия болып жатыр. Көп адам барып жатыр. "Таптым-ау сені" фильмі сұмдық қой. Мен ерінбей бардым. Сұмдық болса да, зал толы болды. Елестетіп көрші. Адамдардың санасы мен жаны сонша уланған, не көріп отыр? Мен тұрып "сендерді алдап отыр" деп айтқым келеді. Қазір неше түрлі акртерлер, режиссерлер пайда болған? Экранда не болып жатыр? Мұны көргенше өліп кетуім керек еді, - дейді ол.