Егемен Қазақстан • 18 Қаңтар, 2024

Түркия тарихында айрықша оқиға: Алғашқы түрік азаматы ғарышқа аттанады

1592 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Түркия Республикасы тарихындағы орасан зор оқиғалардың бірі – Халықаралық ғарыш станциясынан (ХҒС) ұшатын миссияның құрамына түрік азаматы кірді. Ғарышкер Альпер Гезеравжы Түркия уақытымен 19 қаңтар түні сағат 00:49-да ғарышқа аттанады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркия тарихында айрықша оқиға: Алғашқы түрік азаматы ғарышқа аттанады

SpaceX-пен бірге А.Гезеравжының сапары Түркияның ғарышты игерудегі жылдар бойғы тынымсыз күш-жігерінің нәтижесі деуге негіз бар.

Түркия 2018 жылдың 13 желтоқсанында өзінің ғарыш агенттігін құру арқылы ауқымды жоспарларын жүзеге асыруға кірісті. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған іргесін қалаған TUA агенттігінің міндеттері Ұлттық ғарыш бағдарламасын дайындау және жүзеге асыруды қамтиды.

ортасына

- 2021 жылдың 9 ақпанында Түркия мемлекетінің басшысы Ұлттық ғарыштық бағдарламасын таныстырды. Құжаттың он мақсатының ішінде ХҒС-қа түрік азаматы қатысатын миссия да бар. Гезеравжы ғарышқа алғашқы ұшуын жасайды. Осылайша Түркияның ғарышты зерттеудегі күш-жігері жаңа өлшемге ие болады.

Алдағы уақытта да Үкімет Ұлттық ғарыш бағдарламасының мақсаттарына қол жеткізу үшін белсенді жұмыс істейді. Осылайша, екінші түрік астронавты Тува Джихангир Атасевер сәуір айында Айға аттанады, - деп жазды Анадолу агенттігі.

Сонымен қатар, Түркия жаһандық компаниялармен тиімді бәсекелесе алатын жаңа буын спутниктерін өндіруде өз брендін құруды мақсат етіп отыр. Ердоған бұл құжат аясында Түркияның «ғарыш саласындағы экономикалық жүйесін» одан әрі дамытатынын атап өтті.

Енді түрік халқы тағы бір маңызды кезеңге дайындалуда, өйткені ел өзінің алғашқы отандық байланыс серігі Turksat 6A ұшыруды жоспарлап отыр. Оның іске қосылуы 2024 жылдың екінші тоқсанында делінген деректе.

Осылайша, Түркия ғарышты коммерциялық пайдаланудан түсетін кірісті 600 миллиард долларға және 1 триллион долларға дейін арттыру мақсатына сенімді қадамдар жасауда.