Қоғам • 18 Қаңтар, 2024

Қандықол екі қылмыскер бостандыққа шығады. Петропавл тұрғындары алаңдаулы

4646 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Петропавлда жаза мерзімі аяқталған екі қандықол қылмыскер бостандыққа шыққалы отыр. Оның бірі қаңтар, екіншісі сәуір айында шығады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қандықол екі қылмыскер бостандыққа шығады. Петропавл тұрғындары алаңдаулы

Фото: pravmir.ru

Валерий Кричиневский, Александр Лютов есімді екі жаза өтеушінің қылмыстары ұқсас. Екеуі де беймізгіл уақытта жалғыз жүрген әйелдер мен балаларды аңдып, балтамен ұрып-соғып, зорлық көрсетіп, тонаумен айналысқан. Олардың қасқөй әрекетінен тіл тартпай ажал құшқандар да бар.

61 жастағы Валерий Кричиневский ауыр қылмыстары үшін 1999 жылы 25 жылға бас бостан­дығынан айырылса, 51 жастағы Александр Лютов 20 жылға жазаға тартылған. А.Лютов 2016 жылы 17 жыл отырғаннан ке­йін оны шартты мерзіммен түр­меден де шығарады. Бірақ Лю­­тов бостандыққа шыққаннан ке­йін тағы қылмысқа барады, 19 жас­тағы бойжеткенге шабуыл жаса­ған. Бұл жолы судья Михаил Гусев оған бар болғаны 3 жыл ғана жаза ке­седі. Жасы 50-ден жаңа ғана ас­қан, психикасы кісі өлтіруге құ­мар­тып тұратын қаскөй ертең тағы бі­реу­дің қанын мойнына жүкте­месіне кім кепіл? Ол биыл сәуірде бостандыққа шыққалы отыр.

Қазір Петропавл тұрғындары өздерінің, жақындарының, әсіресе балаларының өмірі үшін алаңдаулы отыр. Облыстық полиция депар­таментінің басшысы, полковник А.Қабылдинов оларды ты­ныштандыруға тырысып бақты. Оның айтуынша, учаскелік по­ли­ция инспекторы да, жедел уәкіл де түзеу мекемесінен шық­қандардың жүріс-тұрысын көзден таса қылмайды.

Айта кетейік, газеттің бүгінгі санында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші Жақсыбай Самраттың «Қылмыскер түрмеден шықса...» атты мақаласы жарияланды. Деректер сол мақаладан алынды.