Президент • 18 Қаңтар, 2024

Президент Серджо Маттарелланы Қазақстанға сапармен келуге шақырды

142 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Серджо Маттарелла Италия Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси және қоғамдық реформаларға үлкен қызығушылық танытып отырғанын атап өтіп, Римге сапармен келгені үшін Қазақстан Президентіне алғыс айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент Серджо Маттарелланы Қазақстанға сапармен келуге шақырды

Фото: Ақорда

«Серджо Маттарелла бүгінгі келіссөздердің нәтижесі екіжақты экономикалық, саяси және мәдени-гуманитарлық байланыстарға тың серпін береді деп сенім білдірді. Достық рәуіште өткен кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Серджо Маттарелланы Қазақстанға сапармен келуге шақырды. Өз кезегінде Италия Президенті Мемлекет басшысының шақыруын ризашылықпен қабыл алды. Мұнан соң келіссөз дастарқан басында жалғасты», делінген хабарламада.

Еске салайық, Қазақстан Президенті ресми сапармен Италияда жүр. Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Италия Президентімен келіссөз жүргізді.