Президент • 19 Қаңтар, 2024

Қазақстан-Италия: Алысты жақындатқан алыс-беріс

141 рет
көрсетілді
31 мин
оқу үшін

Кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Италия Республикасына ресми сапармен барды. Қазақстан Президентін Рим әуежайынан Италияның Қорғаныс министрі Гвидо Крозетто, Рим Папасының өкілі Франческо Каналини қарсы алды. Мемлекет басшысын күтіп алу кезінде Құрмет қарауылы сап түзеп тұрды.

Қазақстан-Италия: Алысты жақындатқан алыс-беріс

Суреттерді түсіргендер – А.Дүйсенбаев, Е.ҮКІБАЕВ

Достық рәуіште өткен келіссөз

Мемлекет басшысының Италияға ресми сапары Президент Серджо Мат­тарелламен кездесуден басталды. Екі ел басшыларының келіссөзіне де­йін Квиринале сарайында Қазақстан Пре­зидентін салтанатты қарсы алу рә­сімі өтті. Қасым-Жомарт Тоқаевтың құр­метіне Қазақстан туы көтеріліп, қос мемлекеттің әнұраны шырқалды. Құрмет қарауылы бастығының рапортынан кейін президенттер бір-біріне ресми делегация өкілдерін таныстырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев бұл Қазақстан Президенті ретінде Италияға жасаған алғашқы сапары екенін атап өтіп, қонақжайлық көрсеткені үшін Серджо Маттареллаға алғыс айтты. Мемлекет басшысы еліміздің Еуропа Одағындағы сенімді серіктестерінің бірі – Италия Республикасымен қарым-қа­ты­­насы ұзақ уақыттан бері өзара тиім­­ді сипатта дамып келе жатқанын жеткізді.

– Мен бүгін өзара мүддені көздей­тін мәселелерді, атап айтқанда, эконо­микалық байланыстарды дамыту және екі елді өркендетуге бағытталған қа­ты­нас­­тарды нығайту, сондай-ақ ха­лық­­аралық өзекті мәселелерді шешу жол­да­рын талқылағым келеді, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Италия – Қазақстанның Еуропадағы негізгі сауда серіктестерінің бірі.

вап

– Өзара сауда-саттық көлемі 14,5 миллиард доллардан асты. Таяу жылдары елдеріміз арасындағы тауар айналымы 20 миллиард долларға жете­ді деп сенеміз. Италия – Қазақстан экономикасына қаржы салған басты инвесторлардың бірі. Біздің нарықта 300-ге жуық италия­лық компания жұмыс істейді, соның ішін­де «ENI» компаниясы да бар. «ENI» – көш­бас­шы компания. Біз екіжақты қаты­нас­тардағы жетістіктерді жоғары баға­лай­мыз. Біз олардың жұмыс істеуі үшін қо­лайлы жағдай жасауды одан әрі жал­ғас­тыра береміз. Дегенмен экономика ба­ғытына ғана емес, мәдениет, туризм сияқты басқа да көптеген саладағы ынтымақ­тастық­ты дамытуға тың серпін беру қажет. Қазақстан мен Италия арасын­дағы ынтымақтастық өте табысты бола­тынына сенімдімін, – деді Президент.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдік инвесторлар үшін ел экономикасының анағұрлым тартымды және перспективті салалары, оның ішінде «жасыл энергетика» туралы егжей-тегжейлі мәлімет берді.

Мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Италияның әлемдік аренадағы, оның ішінде БҰҰ мен ЕҚЫҰ аясындағы өзара іс-қимыл мәселелеріне арнайы тоқталды.

Екі ел президенттері БҰҰ Жарғысы­ның қағидаттарын құрметтеу негізінде халық­аралық қатынастар мен жаһандық қауіп­сіздік жүйесін нығайтудың ма­ңызды екенін атап жеткізді.

Сонымен қатар тараптар Қазақстан мен Орталық Азияның Еуропа Одағы­мен арадағы ынтымақтастығын дамыту перспективаларын талқылап, көлік және логистика саласындағы өзара тиімді ықпалдастықтың, атап айтқанда, Транскаспий халықаралық көлік бағытын өркендетудің келешегі зор екенін ерекше атап өтті.

Мемлекет басшысы орайлы сәтті пайдалана отырып, Президент Мат­тарел­ланы Италияның «Үлкен жеті­лікке» төрағалық қызметіне кірісуімен құттықтап, G7-нің күн тәртібін жүзеге асыру ісінде табыс тіледі.

Өз кезегінде, Серджо Маттарелла Италия Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси және қоғамдық реформаларға үл­кен қызығушылық танытып отыр­ғанын атап өтіп, Римге сапармен келгені үшін Қазақстан Президентіне алғыс айтты. Сондай-ақ бүгінгі келіссөздердің нә­ти­жесі екіжақты экономикалық, сая­си және мәдени-гуманитарлық байла­ныс­тарға тың серпін береді деп сенім білдірді.

Достық рәуіште өткен кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Серджо Маттарелланы Қазақстанға сапармен келуге шақырды. Италия Президенті Мемлекет басшысының шақыруын ризашылықпен қабыл алды. Бұдан соң келіссөз дастарқан басында жалғасты.

 

Өзара тауар айналымы – $14,5 млрд

Сапар барысында Қазақстан Прези­денті Италия Министрлер Кеңе­сінің төрағасы Джорджа Мелони­мен келіссөз жүргізді. Мемлекет басшысы Италия жерінде құрмет көрсеткені үшін Джорджа Мелониге алғыс айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Италия арасында тығыз саяси диалог, берік экономикалық ықпалдастық, табысты мәдени-гуманитарлық байланыс орнағанын атап өтті.

пр

– Біз Италияның Орталық Азиядағы бас­ты серіктесі болғанымызды мақтан тұ­та­мыз. Екі ел арасындағы экономи­ка­лық ынтымақтастық қарқынды дамып келе­ді және қарым-қатынастарды одан әрі арт­тыруға мол әлеует бар, – деді Президент.

Мемлекет басшысының айтуынша, Италия – Қазақстанның Еуропадағы негізгі сауда серіктестерінің бірі және ел экономикасындағы ең ірі инвес­торлардың бестігіне кіреді. Елдеріміз арасындағы тауар айналымы 15 миллиард долларға жуықтады. Италиядан Қазақстанға тартылған тікелей шетелдік инвестиция 7,3 миллиард долларды құрады. Бүгінде біздің елімізде 300-ден астам италиялық компания табысты жұмыс істеп жатыр. Олардың арасында «ENI», «SDF Group», «PetroValves», «Maire Tecnimont», «IVECO», «Tenaris» және басқа да ірі инвесторлар бар.

Қазақстан Президенті БҰҰ, ЕҚЫҰ, Еуропа Кеңесі және ЭЫДҰ аясындағы әлемдік аренада ортақ мақсаттарға қол жеткізу ісіндегі екі елдің табысты ықпал­дастығына арнайы тоқталды. Соны­мен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақ­станның жаһандық қауіпсіздік, өңірлік тұрақтылық, терроризмге қарсы күрес, климаттың өзгеруі сияқты мәселелерге қатысты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін жеткізді.

Мемлекет басшысы Алматыда Италия мәдениеті институтының ашылуын құптады. Оның пікірінше, мәдени дипло­матия, білім беру саласындағы серіктес­тік және туризм елдер арасын­дағы байланыстарды тереңдетуде маңызды рөл атқарады.

Джорджа Мелони Қазақстан – Италия қатынастарының деңгейі жоғары екенін атап өтіп, Италияның Қазақстанмен арадағы байланыстарын нығайтуға бейілді екенін жеткізді.

пол

– Сіздің бүгінгі сапарыңызды Қазақ­стан – Италия  қарым-қатынасын одан әрі өр­кендету үшін зор мүмкіндік ретін­де қарастырамыз, – деді Премьер-министр.

Кездесу барысында сауда-экономика­лық, инвестициялық, энергетикалық, кө­лік-логистикалық, аграрлық, мәдени-гу­ма­ни­тарлық, білім беру салаларындағы ынты­мақ­тастықты кеңейту, сондай-ақ «жасыл энер­гетика» және екі мемлекеттің ас­та­на­лары арасындағы әуе қатынасын дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Бұған қоса, кездесуде өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі мәселелер талқыланды.

– Бүгінгі келіссөздер екіжақты қарым-қатынасымыздың жаңа кезеңіне жол ашатынына және ынтымақтастықтың перспективті бағыттарын қарастыруға жақсы мүмкіндік беретініне сенімдімін, – деді Президент.

Кездесу барысында мынадай құжаттарға қол қойылды:

  1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Италия Республикасының Үкіметі арасындағы Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қаза тапқан әскери қызмет­шілер жерленген орындардың мәрте­бесіне қатысты келісім;
  2. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мен Италия Ре­спуб­­ли­касының Әділет министрлігі ара­сындағы өзара түсіністік және ынтымақ­тастық туралы меморандум;
  3. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Италия Республикасының Мәдениет министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
  4. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Италия Республикасының Универси­тет­тер және зерттеулер министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
  5. Қазақстан Республикасы Прези­денті­нің жанындағы Мемлекеттік бас­қару академиясы мен Италия Респуб­ли­касының Ұлттық мемлекеттік басқару мектебі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
  6. Қазақстанның «Самұрық-Қазына» қоры мен Италияның «Cassa Depositi i Prestiti» компаниялар тобы арасында бір­лескен инвестициялық қор құру және өңдеу өнеркәсібі, энергетика, логистика салаларына инвестиция салу туралы келісім;
  7. Қазақстанның «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы мен Италияның «ENI» компаниясы арасындағы жалпы қуаты 247 MBт болатын гибридті электр стансасын (жел электр стансасы, күн электр стансасы) салу жөніндегі бірлескен жобаны жүзеге асыру туралы бірлескен түпкілікті инвестициялық шешім.

 

Бірлескен мәлімдеме

Кездесу соңында Қазақстан Прези­денті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Италия Премьер-министрі бірлескен мәлімдеме қабылдады.

сми

«Қазақстан Республикасының Прези­денті Италия Республикасы Прези­денті­нің шақыруымен 2024 жылғы 18 қаң­тарда Италияға ресми сапармен кел­ді. Осыған орай Қазақстан Республи­касының Президенті мен Италия Рес­публикасы Министрлер Кеңесінің Төрағасы мыналар туралы мәлімдеді:

  1. 2009 жылғы 5 қарашадағы Қазақ­стан Республикасы мен Италия Республикасы арасындағы Стратегиялық әріптестік туралы келісімнің әрекет етуін атап көрсете отырып, біз екі ел арасындағы барлық деңгейдегі сенім­ді және тұрақты диалогке көңіліміз тола­ты­нын білдіреміз. Қазақстан – Ита­лия­ның Орталық Азиядағы негізгі экономикалық серіктесі, ал Ита­лия – Қазақстанның Еуропалық Одақ­тағы ең ірі сауда серіктесі және Қазақ­стан экономикасының жетекші инвес­тор­ларының бірі.
  2. Дипломатиялық қатынастар орна­ғаннан бері отыз жылдан астам уақыт ішінде Қазақстан мен Италия байла­ныстарын өзара сенімге, ортақ құн­ды­лықтарға және тиімді ынты­мақ­тас­тыққа негізделген берік серіктес­тікке айнал­дырғанын атап өтеміз.
  3. Біз Қазақстан – Италия ынтымақ­тастығының қарқынды дамып келе жатқанын атап өттік және стратегиялық әріп­тестік рухында өзара мүддені көз­дейтін барлық саладағы байланыстарды әртараптандыруды және тереңдетуді жалғастыруға ниеттіміз.
  4. Біз экономика саласында 2023 жылғы 5 қыркүйекте Астанада Қазақстан мен Италия Премьер-министрлері­нің орынбасарлары – Сыртқы істер министрлері қол қойған Бірлескен мәлімдемеге сүйене отырып, сауда-инвестициялық байланыстарды одан әрі дамыту үшін мол әлеует бар екенін атап өтеміз. Энергетика, табиғи ресурстарды барлау және өндіру, жасыл экономика, құрылыс, инфрақұрылым, көлік және логистика, ауыл шаруашы­лығы, ғылыми-технологиялық қыз­мет және консалтингтік қызмет – ынты­мақтастықтың негізгі бағыттары. Екі мемлекет арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдетудің ма­ңыздылығына баса назар аудара отырып, біз Іскерлік кеңестің құрылуын құптаймыз.
  5. Қазақстан мен Италия арасын­дағы инвестициялық климатты жақ­сар­туға және өзара тиімді сауда-эконо­микалық ынтымақтастықты одан әрі дамы­туға ықпал ететін Қазақстан Респуб­лика­сының Үкіметі мен Италия Рес­пуб­­ли­касының Үкіметі арасындағы Ин­вес­­­­­тицияларды көтермелеу және өзара қор­ғау туралы келісім жөніндегі келіс­сөздердің маңыздылығын атап өтеміз.
  6. Сондай-ақ біз қазақстандық және италиялық жетекші университеттер, атап айтқанда, ғылым және технология бағытына маманданған университеттер арасында жоғары білім беру саласындағы ынтымақтастық аясын кеңейтудің маңыздылығын атап өтеміз.
  7. Біз мәдениет саласындағы ынты­мақ­тастықты арттыруға ниет білдіреміз.

2023 жылғы 30 қарашада Алматы қала­сындағы Орталық Азиядағы алғаш­қы Италия мәдени орталығының ресми ашылуын құптаймыз. Бұл екі ел хал­қын және мәдени байланыстарын жа­қындастырудың тағы бір қадамы болды.

  1. Тараптар Қазақстанның Вене­ция­д­а өтетін Заманауи өнердің 60-халықаралық биенналесіне қатысуы Қазақстанның мәдениеті мен өнерін Италияда да, шетелде де танымал етуге ықпал ететінін атап өтті.
  2. Біз екі мемлекеттің 2015 жылғы 21 желтоқсанда Астанада бір жақтан Қазақстан Республикасы, екінші жақтан Еуропалық Одақ пен оған мүше мемлекеттер арасында қол қойылған Кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісім аясындағы тығыз ықпалдастықты жалғастыруға дайын екендіктерін білдіреміз. Осы орайда біз 2022 жылғы 27 қазанда Астанада «Орталық Азия – Еуропалық Одақ» бірінші саммитінің өткізілгенін құптаймыз.
  3. Орталық Азиядағы көлік және коммуникация саласында, атап айтқанда, Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамытуға қатысты ірі бастамалардың іске қосылуына біздің көңіліміз толатынын атап өтеміз. Еуропалық Одақтың «Global Gateway» жобасын іске асыруға қолдау білдіреміз.
  4. Екі елдің Еуропалық Одақ пен Орталық Азия арасындағы ынтымақтас­тық үшін берік және перспективалық негіз құруға, Орталық Азиядағы өңір­лік диалогті нығайтуға деген ұмты­лысын қуаттаймыз. Бұл – өркендеуге, тұрақтылық пен орнықты дамуға қол жет­кізудің басты шарты. Біз «ОA+Италия» форматындағы кездесуді 2024 жылы Римде, ал 2025 жылы Қазақстанда өткізудің маңыздылығын атап өтеміз.
  5. Италия Республикасы Министр­лер Кеңесінің Төрағасы Орталық Азия мемлекеттері басшыларының консуль­­тативтік кездесулерінің ынтымақ­тастықты одан әрі өрістету, бейбітшілікті нығайту, Орталық Азия аймағындағы достық, сенім және тату көршілік атмосфераны қалыптастыру, сондай-ақ олардың халықаралық аренадағы маңызын арттыру жолындағы рөлін жоғары бағалайды.
  6. Италия Министрлер Кеңесінің Төрағасы климаттық күн тәртібін одан әрі ілгерілету аясында Қазақстан Республикасының тиісті бастамаларын жоғары бағалайды. Сонымен қатар Алматы қаласында қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі жөніндегі Орталық Азия елдерінің жобалық кеңсесін құру, 2026 жылы Қазақстанда Біріккен Ұлттар Ұйымы аясында Аймақтық климаттық саммит өткізу жөніндегі ұсыныстарды ескереді.
  7. Екі елдің өзара құрмет қағидаты негізінде өзара ықпалдастығын нығай­туды құптаймыз. Қатар өмір сүру мен ынтымақтастықтың ортақ негізі ретін­де БҰҰ Жарғысына толық құрметпен қарайтынымызды, сондай-ақ жаһан­дық және аймақтық деңгейде бейбіт­ші­л­ікті, қауіпсіздік пен тұрақтылық­ты ілгерілетуге және халықаралық көші-қон мәселелері бойынша диалогті одан әрі ілгерілетуге, соның ішінде Алматы процесі және Бірік­кен Ұлттар Ұйымы сияқты көп­жақ­ты форумдар аясында екіжақты ынты­мақтастықты нығайтуға деген өзара ұмтылысымызды қуаттаймыз.
  8. Климаттық күн тәртібінің өзектілігі аясында біз 2023 жылы Дубай қаласында өткен Климат жөніндегі дүниежүзілік конференцияда (COP28) климат­тың өзгеруіне қарсы күресте өзіміз­дің берік ұстанымдарымызды қуаттадық және жаһандық жылу деңгейін 1,5°-та ұстау жөніндегі мақсатты растауды құптаймыз.
  9. Қазақстан Республикасының Президенті Италия Республикасының Министрлер Кеңесінің төрағасына «Үлкен жетілікте» табысты төрағалық етуіне тілектестігін білдірді.
  10. Қазақстан Республикасының Прези­денті Италия Республикасы Министр­лер Кеңесінің төрағасын жақын арада Қазақстанға сапармен келуге шақырды.

2024 ж. 18 қаңтарда Рим қаласында қабылданды».

 

Инвестициялық мүмкіндіктерімізді таныстырды

Қазақстан Президенті Римге ресми сапары аясында Италияның бизнес-қоғамдастық өкілдерімен кездесті. Дөңге­лек үстелге халықаралық деңгей­дегі 30-ға жуық компания қатысты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Италияның бизнес «капитандарына» Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері туралы жан-жақты мәлімет берді. Оның айтуынша, әлемдегі геосаяси жағдайға қарамастан, еліміз аймақтағы ең ірі және қарқынды дамып келе жатқан экономикалардың бірі ретіндегі орнын сенімді түрде сақтап отыр.

– Былтыр еліміздің экономикалық өсімі 5,1 пайыз деңгейінде болды. Бұл – болжамды жаһандық көрсеткішке қарағанда шамамен 2 есе жоғары (Дүниежүзілік банк – 2,6%, БҰҰ – 2,7%). Біздің орта мерзімді перспективадағы стратегиялық мақсатымыз – 2029 жылға қарай экономиканың көлемін екі есе ұлғайтуға мүмкіндік беретін 6–7 пайыздық өсімге қол жеткізу. Ол үшін ауқымды реформалар жүргізу қажет еді. Сондықтан саяси реформалармен қатар, нарықтық және бәсекеге қабілетті экономикамызды айтарлықтай нығайтып жатырмыз. Мен мұны табысқа жетудің қажетті шарты деп есептеймін. Қазақстанда таяу арада экономикамыздың ашық, сенімді және қарқынды дамуына ықпал ететін аса маңызды әрі түбегейлі реформалар басталады. Мұны сіздерге сенімді түрде айта аламын. Мақсатымыз – Қазақстандағы стандарттарды, ережелерді және бизнес жүргізу тәжірибесін Экономика­лық ынтымақтастық және даму ұйымы­ның деңгейіне жеткізу. Біз ең жоғары халықаралық стандарттарға сай келетін инвестициялық ахуал қалыптастыруға ұмтылып жатырмыз, – деді Мемлекет басшысы.

Президент ел экономикасына шетелден тікелей тартылатын инвес­тиция көлемін ұлғайту мақсатында практикалық және заңнамалық тұрғыда жоспарланған шаралар туралы италия­лық кәсіпкерлерге мәлімет берді.

– Біз инвесторларға оңтайлы әрі ыңғайлы орта қалыптастыру үшін бизнеске қойылатын артық талаптарды анықтап, оларды жойдық. Жақында Инвестицияларды тарту жөніндегі кеңес құрылып, оған кең ауқымды өкілеттік берілді. Бұл Кеңестің жедел шешім қабылдауына, көрсетілетін жан-жақты мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету арқылы инвестициялық жобаларды жүзеге асыруына ықпал етеді, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірін­ше, энергетика саласы – екі ел арасын­дағы экономикалық ынтымақтастықтың негіз­гі бағыты.

– Қазақстан мұнайының 80 пайыздан астамы Еуропаға экспортталады. Бұл Еуропа Одағына қажет мұнай­дың шамамен 10 пайызын қамтама­сыз етеді. Қазақстанның ұзақ жылдан бергі және сенімді энергетикалық серіктесі Италияға алғыс айтқым келеді. Біз италиялық «ENI» компаниясының Қазақстан экономикасына қосқан үлесін жоғары бағалаймыз. Қазақстан мұнай мен газды барлау саласында мол мүмкіндік ұсынып отыр. Біз маңызды кен орындарын ашу мақсатында әлемдік озық тәжірибені енгізіп жатырмыз. Сондай-ақ Италия компанияларын мұнай-газ саласында сервистік қызмет көрсету ісіне атсалысуға шақырамыз, – деді Мемлекет басшысы.

Президент жаңартылатын энергия саласындағы ынтымақтастықтың келешегі туралы айта келе, Қазақстан өңірде бірінші болып Париж келісімін ратификациялаған мемлекет ретінде 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жөнінде міндеттеме алғанын атап өтті.

– Біздің жаңартылатын энергия саласындағы әлеуетіміз 1 триллион кВт/сағ деп бағаланады. Оған Францияның «Total», Сауд Арабиясының «ACWA Power», Біріккен Араб Әмірліктері­нің «Masdar» және Германия мен Швецияның «Svevind Energy Group» сияқты ірі жаһандық компаниялары қызығушылық танытты. Бұл компаниялар қуаты 43 ГВт болатын жаңартылатын энергияны өндіру жөніндегі жобаларды жүзеге асыруға ниетті. Италияда электр энергиясының үштен бірі «жасыл энергетика» көздері есебінен өндірілетіні белгілі. Осы тәжірибені ескерсек, италиялық компаниялар да аталған жобаларды іске асыруға ниет білдірген кәсіпорындардың қатарына қосыла алады. Біз бұл маңызды саладағы әріптестікті, мейлі ол өндіріс, технология трансферті немесе тәжірибе алмасу болсын, дамытуға аса мүдделіміз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы технологиялық революцияны және алдағы уақытта аса маңызды шикізатты өндіру және өңдеу саласында жаһандық сұраныстың еселеп өсетіні жөніндегі болжамды ескеріп, Италия кәсіпкерлерін осы бағытта ынты­мақтастық орнатуға шақырды.

– Дүниежүзілік банктің бағалауынша, Қазақстанда құны 46 триллион доллардан асатын бес мыңнан астам барланбаған кен орны бар. Бүгінде біз Еуропа Одағына мүше елдердің экономикасына қажетті ең маңызды 34 шикізаттың 19 түрін өндіреміз. Қажетті инвестиция болса, кобальт, вольфрам, литий сияқты пайдалы қазбалардың 9 түрін игеруге болады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің айтуынша, көлік-логистика – ынтымақтастықтың тағы бір өзекті саласы. Қазақстан өңірлік хабқа айналуы үшін Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамытуды белсенді түрде қолға алды.

– Орта дәліз «Бір белдеу, бір жол» бастамасын толықтырады. Біз оны Еуро­па Одағының Трансеуропалық көлік желісімен және «Жаһандық қақпа» стратегиясымен ұштастыруды көз­деп отырмыз. Сонымен қатар «Үлкен жеті­ліктің» Жаһандық инфрақұрылым және инвестициялар саласындағы серік­тестігі (PGII) жөніндегі бастамасын қол­дай­мыз. Соңғы 15 жылда Қазақстан көлік инфрақұрылымына 35 миллиард доллардан артық қаржы құйды. Алдағы үш жылда 1300 шақырымнан астам теміржол желісін салуды жоспарлап отырмыз. Бұл Қытай, Оңтүстік Азия және Еуропа бағыттарындағы тауар тасы­­малын ұлғайтуға мүмкіндік береді. Сондық­тан италиялық инвесторларды біз­дің айлақтарымызды дамыту, жүк тасымалдаушы кемелерді бірлесе шығару және логистикалық орталықтар құру ісіне белсенді атсалысуға шақыра­мыз. Қазақстан аумағы арқылы өте­тін 13 халықаралық бағыттың, сондай-ақ Алматы мен Милан арасындағы тікелей әуе рейстерінің арқасында екі елдің қарым-қатынасы бұрынғыдан да беки түсті. Біз Астананы Рим және Милан қалаларымен жалғайтын тіке­лей рейстерді ашу жоспарын қуана құп­таймыз. Бұл біздің экономикалық қатынас­тарымызды және халықтарымыз арасын­дағы байланысты нығайтуға, сондай-ақ туризмді ілгерілетуге оң септі­гін тигізері сөзсіз, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруа­шылығы саласында бірлескен инвес­тициялық жобаларды тиімді жүзеге асыру үшін зор әлеует бар екеніне тоқталып, Италия бизнес элитасының назарын осы бағытқа аударды.

– Территориямыздың 70 пайыздан астамы ауыл шаруашылығына жарамды. Еліміз Орталық Азиядағы астықты өлке саналады. Біз бидай мен ұн өндіру бойынша әлемдегі он елдің қатарына кіреміз. Ауыл шаруашылығы өнімдеріміз әлемнің 80-нен астам еліне жеткізіледі. Әлемде азық-түлік тапшылығы артып келе жатқанын ескере отырып, біз осы сектордың өнімді­лігін үш есе және экспортты екі есе арттыруды көздеп отырмыз. Қазақстан италиялық серіктестерімен бірге дәнді және майлы дақылдарды өсіру, сондай-ақ макарон, ет және сүт өнімдерін өн­діру бағыттарындағы ынтымақтастықты да­мытуға мүдделі, – деді Президент.

Мемлекет басшысы дөңгелек үстелге қатысушыларды биотехнология, фармацевтика салаларындағы инвестициялық мүмкіндіктер туралы хабардар етті. Қасым-Жомарт Тоқаев Италияның бір­қатар ірі компаниясын Қазақстанда жергілікті өндіріс ашуға шақырды.

Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев IT-саласын дамытудың және «Астана» халықаралық қаржы орталығының артықшылықтарына арнайы тоқталды.

Мемлекет басшысы сөзін қорытын­дылай келе, Қазақстанның әлеуетті инвесторларға жан-жақты қолдау көрсе­туге дайын екенін айтты. Сондай-ақ кез­­десу­ге қатысушыларды «Астана» ха­лық­­аралық форумына қатысуға шақырды.

Жиын барысында Италия Респуб­ликасы Министрлер Кеңесі төрағасы­ның орынбасары – Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрі Антонио Таяни, CDP тобының бас атқарушы директоры Дарио Сканнапьеко, «Confindustria» компаниясының интернационалдандыру жөніндегі вице-прези­денті Барбара Джакомелло, «CONFAPI» компаниясының прези­денті Кристиан Камиса, «Leonardo SpA» тобының президенті Стефано Понтекорво, «Fincantieri SpA» компаниясының бас атқарушы директоры Пьерроберто Фолгьеро, «PetrolValves» компаниясы­ның бас атқарушы директоры Сандро Мал­кори, «Pietro Fiorentini» компаниясының бас атқарушы директоры Паоло Нарди және тағы басқалар экономиканың тиісті салалары бойынша Қазақстанмен ара­дағы ын­тымақтастықты дамыту перспекти­ва­ларына қатысты көзқарастарын білдірді.

Инвестициялық дөңгелек үстел аяқ­талған соң, Мемлекет басшысының қатысуымен бірқатар екіжақты құжат­тарға қол қою рәсімі өтті.

  1. «Самұрық-Қазына» АҚ мен «Balestra» арасындағы Түркістан облысы Созақ ауданы Тайқоңыр ауылында қуаты жылына 800 мың тонна болатын күкірт қышқылы зауытын салу жобасының шарттары мен мерзімін айқындайтын келісім;
  2. «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ мен «SACE» арасындағы экономиканың басым сек­тор­ларындағы инвестициялық жобалар жөнінде Италияның қатысуымен жасалған мәмілелерді сақтандыру лимитін белгілеу туралы негіздемелік келісім;
  3. «Самұрық-Энерго» АҚ мен «Ansaldo Energia SpA» арасындағы қуаты 544 МВт-қа дейін жететін бу-газ қон­дыр­ғысын салу арқылы Алматыдағы үшін­ші ЖЭО-ны реконструкциялауды көз­дейтін ынтымақтастық туралы келісім;
  4. Қазақстандағы италиялық кәсіп­орын­дарды және Италиядағы қазақ­стандық кәсіпорындарды қолдауға, сон­дай-ақ Қазақстан мен Италия бизнесі арасын­дағы экономикалық және сауда қатынас­тарын нығайтуға бағытталған «Ата­ме­кен» ҰКП мен «Confiindustria» арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум.

 

Бірқатар қабылдаулар өткізді

Мемлекет басшысы ресми сапары аясында «Eni» компания­сы­ның бас операциялық директоры Гвидо Брус­коны қабылдады. Әңгімелесу бары­сында Қазақстан мен «Eni» компаниясы ара­сындағы өткен жылғы ынты­мақ­­тас­тықтың нәтижелері және алдағы ық­палдастықтың әлеуеті қарастырылды.

Былтыр Каспий құбыр желісі консор­циумы арқылы 63,5 миллион тонна мұ­най тасымалданды. Бұл – рекордтық көр­сеткіш. Қашаған және Қарашығанақ кен орындарында мұнай өндірудің жалпы көлемі 30,8 миллион тоннаны құрады.

Президенттің пікірінше, Қазақстан Үкі­меті мен консорциумның барлық қаты­су­шысының, соның ішінде «Eni» ком­пания­сының бірлескен күш-жігерінің арқасында осындай нәтижеге қол жеткізілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтөбе және Түркістан облыстарында жалпы қуаты 150 МВт болатын жел және күн электр стансаларының құрылысына қатысты жүзеге асырылған жобаларды жоғары бағалады.

Сонымен қатар Мемлекет басшысына италиялық компанияның Маңғыстау облысында газ өңдеу зауытын, қуаты 250 МВт болатын гибридті электр стансасын салу және алдағы уақытта биодизельге өңдеу үшін өсімдік майын өндіру жоспары туралы мәлімет берілді.

Сондай-ақ Қазақстан Президенті «Maire Tecnimont» компаниясының Бас атқарушы директоры Алессандро Берниниді қабылдады. Әңгімелесу барысында энергетика және мұнай химиясы салаларындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды.

Мемлекет басшысы компанияның декарбонизация және энергетикаға көшу жөніндегі жобаларды іске асыру ісінде мол тәжірибесі бар екенін, сондай-ақ оның 45 елде кең көлемде жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

Президенттің айтуынша, Қазақстан көмірқышқыл газының қалдықтарын айтарлықтай азайтуға және жасыл технологияларды дамытуға бағытталған «Maire Tecnimont» компаниясының маңызды жос­парына зор қызығушылық танытып отыр. Себебі еліміз Париж келісімі аясында 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жөнінде міндеттемелер қабыл­дады және өндірісте үздік технологияларды енгізуге ұмтылады.

Алессандро Бернини Қасым-Жомарт Тоқаевқа компанияның әлем бойынша іске асырып және әзірлеп жатқан ірі жобалары туралы мәлімет берді. Сондай-ақ Қазақстанның энергетика секторын дамыту жөнінде өз ұсыныстарын айтты.

Мемлекет басшысы компанияның елімізде газ-химия кешенін салуға қатысу ниетін оң бағалады. «Maire Tecnimont» компаниясымен Атырау облысындағы газ-химия кешені құрылысының екінші кезегінің полимерлеу учаскесін жобалау жөніндегі шартқа өткен жылдың сәуір айында қол қойылды.

Бұдан кейін Мемлекет басшысы NEOS әуе компаниясының президенті Лупо Раттацциді қабылдады. Кездесу барысында азаматтық авиация саласын­дағы ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, екі ел арасындағы тікелей әуе қаты­нас­тары сауда-экономикалық, мәдени-гумани­тарлық байланыстар мен туризмнің дамуы­на тың серпін береді. Президент Алматы – Милан әуе рейсіне сұраныстың жоғары екенін атап өтті. Бұл рейс ашылғалы бері 70 мыңға жуық жолаушы тасымалданған.

Өз кезегінде Лупо Раттацци аймақ­тағы әуе бағыттарының ауқымын кеңей­ту жөніндегі жоспарын таныстырды. Атап айтқанда, Алматы – Милан бағы­тындағы рейс санын көбейту, Астана және Рим, сондай-ақ Астана және Милан арасында әуе қатынастарын ашу жоспарланып отыр.

Президент «NEOS» әуе компаниясымен ынтымақтастық Қазақстандағы азаматтық авиация мен көлік-логистика салаларын дамытуға оң ықпал ететініне сенім білдірді.

«NEOS» компаниясы 2001 жылы құрылған. Оның негізін италиялық «Alpitour S.p.А.» және германиялық «TUI Group» туристік компаниялары бірге қалады. Ол Италияның ең ірі жеке авиакомпанияларының бірі ретінде 70-тен астам бағытқа тасымал жасайды. 2022 жылы компанияның табысы 640 миллион АҚШ долларын құрады.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы «Bonifiche Ferraresi» компаниясы­ның Бас атқарушы директоры Федери­ко Веккьониді қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Федерико Веккьони Қазақстанның аграрлық секторындағы инвестициялық жобаларды іске асыру перспективаларын талқылады.

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз бидай өсіру бойынша көшбасшы елдердің қатарына кіретінін атап өтті. Оның айтуынша, Қазақстан – Италияға негізгі бидай жеткізуші мемлекеттердің бірі, сондай-ақ ел ішінде астық өңдеу үлесін арттыруды жоспарлап отыр.

Өз кезегінде Федерико Веккьони компанияның Қазақстанда италиялық технологияларды пайдалана отырып, дәнді дақылдарды өсіру және өнімді одан әрі терең өңдеу жөніндегі жобаларды іске асыруға, сондай-ақ мамандар даярлауға және технология трансфертіне қатысты жоспары туралы айтты.

Мемлекет басшысы Үкіметтің ком­па­­н­ия­ға жан-жақты көмек көр­сету­ге дайын екенін жеткізді. Соны­мен қа­тар италиялық компания интен­сив­ті бау-бақша шаруашылығын жә­не тұ­қым шаруашылығын дамыту жөнін­­дегі бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.