Үкімет • 19 Қаңтар, 2024

Мобильді операторды жаңа инвесторға беру талқыланды

78 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Экономи­каны демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.

Мобильді операторды жаңа инвесторға беру талқыланды

Қатысушылар «Қазақтелеком» АҚ компаниялар тобын демонополизациялау барысын талқылады. Атап айтқанда, мобильді операторлардың бірін бәсекелі ортаға шығару үдерісі қарастырылды. Қазіргі уақытта әлеуетті шетелдік инвесторлармен келіс­сөз­дер жүргізіліп жатқаны айтылды.

Жалпы, бұл шара халыққа көр­сеті­летін қызмет сапасын арттырып, телекоммуникация саласының дамуына оң әсерін тигізеді деп күтіліп отыр.

Премьер-министр бұл бағыттағы жұмысты жеделдетуді тапсырды.

Отырыста сондай-ақ химия өнер­кәсібіндегі және басқа да салалар­дағы бірқатар кәсіпорынның жұмысы талқыланды.