Ғылым • 19 Қаңтар, 2024

Дертке дауа дәрі

2909 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қарағандыдан шыққан жас ғалымдар паркинсон ­ауруына шипа болатын дәрі-дәрмек жасап шығарды.

Дертке дауа дәрі

Жанат Көшенов көшін бас­таған бұл топ өздері ойлап тап­қан дәрілік заттарды зерттеп, жетіл­діру үстінде жүр. Ел ғылымына ерекше серпін берген жас ғалым­дар шетелден білім алып келген. Шетелдік ғылыми және өндіріс­тік орталықтарда зерттеу-өңдеу жұмыстарын меңгерген.

– Бұл жақта жаңадан табыл­ған өсімдік препараттарын қ­азір ми ауруларына, паркинсон, альцгеймер ауруларына қарсы тек­серіп жатырмыз. Табиғи таза дәрілер өндіреміз. Жалпы, ше­тел­де алған білімімізді пайдала­нып, отандық фармацевтиканы дамытуға үлес қоссақ дейміз, – дей­ді халықаралық ғылыми-өн­дірістік кешеннің ғылыми қыз­меткері Жанат Көшенов.

Бұл ерекше препараттарға қа­жетті биологиялық шикізат не­гізінен өсімдіктерден алы­на­­ды. PhD Әсел Аманжан ғы­лы­­ми орталықта 8 жылдан бері жұ­мыс істеп келеді. Ол елі­мізде өсетін өсімдіктер ара­сы­нан табиғи шикізат көзде­рін зерттеп, биологиялық бел­сен­ді қосылыстарды бө­ліп алу жұмысында тың жетістік­тер­ге жеткен білікті маман. Қазір ол өндіруге қажетті субстанса­лардың жаңа түрлерін сынақтан өткізу мақсатында шетелдің ғы­лыми зерттеу институттары­мен үнемі байланысқа шығып оты­рады.

– 2023 жылы Мәскеу қала­сында Сидженов атындағы медицина университетінің институт формациясында профессор Краснюктің қол астында табиғи қосылыстардан суда ерігіштік комплекстер алынды. Бізде суб­с­танса ретінде қолданылады. Осыған байланысты осы айда Новосібір институтына іссапар болады, – деді халықара­лық ғы­лыми-өндірістік кешен­нің зертха­на меңгерушісі Әсел Аманжан.

Әлем шипа таба алмаған па­­ркинсон дертіне дауа болар пре­па­ратты ойлап тапқан отандық ға­лымдар үлкен зерттеуден кейін, оны өндіріске енгізеді.